Авторлар үшін

Құрметті автор!

    

«С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы: Ветеринария ғылымдары» ғылыми журналы Scopus, Web of Science және AGRIS (Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологияларының халықаралық ақпараттық жүйесі) сияқты және т.б. халықаралық деректер базасына қосылуға ұмтылуда. Осыған орай, журналдың редакциялық алқасы 2023 жылдан бастап тек ағылшын тілінде дайындалған мақалаларды ғана қарастырып, жариялауға қабылдау туралы шешім қабылдады.

 

Негіздеме

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №170 бұйрығына сәйкес «С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы: Ветеринария ғылымдары» журналының редакциясы мақалаларды онлайн қабылдау және рецензиялау жүйесі бар сайт әзірледі.

Осыған орай, журналда мақаланы жариялау үшін мақала берген кезде, журналдың сайтында автор ретінде тіркеліп, онлайн-платформада қарауға ұсынылған мақаланы жүктеу қажет. Авторды тіркеу келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады: (бейне-нұсқаулық  қоса берілген).

https://bulletinofscience.kazatu.edu.kz/index.php/veterinary-science

Авторды тіркеу бойынша бейне-нұсқаулық https://www.youtube.com/watch?v=UeZlKY4bozg

 

«С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы: Ветеринария ғылымдары» журналында жарияланатын ғылыми мақалаларға қойылатын талаптар.

 

Журнал редакциясы авторлардан ережелермен танысуды және журналға жіберілетін жұмыстарды әзірлеу кезінде оларды ұстануды сұрайды.

 

Жаңа. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін көрсететін авторлық материал ветеринария ғылымдарының дамуына ықпал етуі қажет және осы сала аясында әзірленуі керек.

Логикалық баяндау. Қолжазба мәтіні оқырмандар зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, теориясы мен әдіснамасын, автордың алған нәтижелерін және автордың ғылыми білімнің белгілі бір саласын дамытуға қосқан үлесін түсінетіндей етіп құрылымдалуы керек.

Қолжазбаның толықтығы. Автордың тұжырымдары негізді болуы керек және алдын ала белгілі болмауы қажет немесе белгілі нәтижелерді көрсететін жалпылама болмауы тиіс.

Презентация стилі. Қолжазбаның мәтіні академиялық ғылыми стильде жазылуы керек. Біреуден алынған және түсініксіз терминдерге түсініктеме берілуі қажет. Негізгі ұғымдарды түсіндіруде және талқылауда екіұштылықтың болмауы ұсынылады.

 

Мақалаларды рәсімдеу тәртібі

 

Басылымға журналдың ғылыми бағыттары бойынша бұрын еш жерде жарияланбаған мақалалар қабылданады. Бір авторға (бас авторға) бір журналда бір ғана мақала жариялауға рұқсат етіледі. Мақала электрондық форматта (.doc, .docx форматтарында) ұсынылады, ол журнал сайтының (Open Journal System) функционалы арқылы жүктеледі. Мақаланы келесі сілтеме бойынша жүктеу туралы нұсқаулық: https://youtu.be/mYZnWUSxOL8?list=PLeLU2OkoHcK2QbehUeOfC7Qp6hySH6717&t=2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

Атауы

Безендіру

1.

ӘОЖ

Парақтың жоғарғы сол жақ бұрышында

2.

Мақаланың атауы

Мақала қай тілде жазылған болса сол  тілде мақаланың атауы жазылады, қалың бас қаріптермен, туралау ортасына қойылыуы керек.

3.

Автор (-лар) туралы ақпарат

Егер мақаланың бірнеше авторы болса, онда ақпарат әр автор үшін қайталанады.

 

Авторлар туралы мәлімет (аты-жөні, тегі) қысқартусыз толық көрсетіп -  ортасына қарай туралау.

Басты авторды полиграфиялық құралдармен (қою қаріппен) бөліп көрсету керек.

 

4.

Ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс немесе оқу орны, қаласы, елі толық көрсетіледі

Беттің ортасына туралау, курсивпен.

(Қойылатын талаптардың соңында берілген үлгі бойынша рәсімдеу).

5.

Мақаланың барлық авторларының электрондық мекен жайы – E-mail

Беттің ортасына курсивпен жазу.

6.

Жарияланатын материал мәтінінің аннотациясы 3 (үш) тілде беріледі, көлемі кемінде 100 және 300 сөзден аспауы керек

3 (үш) тілдегі «Аннотация» сөзі мынадай форматқа сәйкес келуі тиіс: орыс тілінде – «Аннотация»; қазақ тілінде – «Түйін»; ағылшын тілінде – «Abstract».

7.

Кілт сөздер 7 сөзден немесе сөз тіркесінен аспай нүктелі үтір арқылы беріледі

Мақала құрылымындағы «Ключевые слова» тіркесі қазақ тілінде – «Кілт  сөздер», ағылшын тілінде – «Key words» форматына сәйкес келуі керек.

8.

Мақаланың құрылымдық элементтері:

 

-       Кіріспе;

-       Материалдар мен әдістер;

-       Нәтижелер;

-       Талқылау;

-       Қорытынды;

- Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса);

- References;

- Әдебиеттер тізімі;

- Аннотация 2 тілде.

9.

Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса) және / немесе алғыс

Өзге қаржыландыруды, гранттық және/немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды іске асыру шеңберінде мақаланың жариялануы туралы ақпаратты көрсету қажет, не болмаса әріптестеріне немесе олардың жәрдемдесуімен (қолдауымен) зерттеулер жүргізілген өзге де тұлғаларға және т.б. алғыс сөздер айтылады.

10.

Әдебиеттер тізімі: библиографиялық тізім екі рет жасалады:

1)  Мақала құрылымындағы «Список литературы» тіркесі қазақ тілінде – «Әдебиеттер тізімі»; ағылшын тілінде – «References» форматына сәйкес келуі тиіс.

11.

Әдебиеттер тізіміне қойылатын талаптар

Әдебиеттер тізімі: библиографиялық тізім екі рет жасалады:

Әдебиеттер тізімі:

1)  ГОСТ 7.1-2003 СИБИД. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған жалпы талаптар мен қағидалар (2003 жылғы 2 шілдедегі № 2 хаттама) (docs.cntd.ru);

2)  APА Халықаралық библиографиялық стандартына  (http://www.bibme.org/citation-guide/APA/book) сәйкес ресімделеді.

Мәтіндегі әдебиетке бірінші сілтеме [1], екіншісі [2] және т.б. ретімен болуы керек. Кітаптан алынған нәтижеге сілтеме жасағанда, оның әдебиеттер тізіміндегі нөмірі және (үтір арқылы) осы нәтиже жарияланған беттің нөмірі көрсетіледі. Мысалы: [8; 325]. Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.

* Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар төменде келтірілген.

 

МАҚАЛАНЫҢ РӘСІМДЕЛУІНЕ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Мақалада автордың (-лардың) зерттеу нәтижелерін көрсететін түпнұсқа материал ғана болуы керек.

Мақала жариялау үшін көлемі 7 беттен кем емес қолжазба (суреттер мен кестелерді қоса алғанда) ағылшын тілінде қабылданады.

Мақалалар мәтіннің өзіндік түпнұсқалығы кемінде 70 % болғанда қабылданады (тексеру плагиатқа қарсы жүйе бойынша жүзеге асырылады).

Мақалалар әр тоқсанның 20-сына дейін қабылданады (20 ақпан, 20 мамыр, 20 тамыз, 20 қараша).

Мәтін Microsoft Word редакторында, кегль – 14 өлшемді, Times New Roman қарпінде, бір аралық интервалда терілуі керек. Абзац шегінісі – 1,25.

Мәтінді беттегі жиектердің келесі өлшемдерін сақтай отырып басып шығару керек: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол және оң – 2 см. Туралау – ені бойынша (тасымалдауды автоматты түрде орналастыру).

Парақтың жоғарғы сол жақ бұрышына ӘОЖ қойылады.

Төменде ортасына қарай туралау – мақаланың атауы бас әріппен жазылады;

Төменде бір интервалдан кейін ортасында туралау-автордың (лардың) аты-жөні толығымен (қысқартусыз) жазылады;

Бұдан әрі келесі жолда (қаріп – курсив, ортаға туралау) – ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, ЖОО атауы, жұмыс орны (толық), қала, ел (қысқартуға жол берілмейді);

келесі жолда (қаріп – курсив, ортасына туралау) – Контактілерге арналған Е-mail. Егер мақаланың бірнеше авторы болса, онда ақпарат әр автор үшін қайталанады.

Бұдан әрі бір жолдан кейін кіріспе  мәтіні жазылады. Кіріспе көлемі 100 сөзден кем болмауы керек. Мақалада түйін ағылшын, қазақ, орыс ж тілдерінде жазылады.

- түйінде мынадай тармақтар: ғылыми зерттеудің өзектілігі, мәні, жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының сипаттамасы, зерттеу әдістері мен әдіснамасының қысқаша сипаттамасы, зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары, жүргізілген зерттеудің құндылығы (осы жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі), сондай-ақ жұмыс қорытындыларының практикалық маңызы көрсетілуі тиіс.

Бұдан әрі кілт сөздер (кемінде 7 сөз/сөз тіркесі) нүктелі үтір арқылы жазылады.

Әр мақаладағы түйін және кілт сөздер 3 тілде беріледі.

Мақаланың негізгі мәтіні:

Кіріспе. Бұл бөлімде қысқаша әдеби шолу, тақырыптың немесе мәселенің өзектілігі жазылуы керек. Тақырыпты таңдаудың негіздемесін алдыңғылардың тәжірибесіне сүйене отырып сипаттау керек, сонымен қатар нақты сұрақтардың немесе гипотезаның тұжырымдамасын беру қажет.

Материалдар мен әдістер. Бұл бөлім келесі критерийлерге сәйкес келуі керек:

- ұсынылған әдістер қайталанатын болуы керек;

- әдістемелік ерекшеліктерге тоқталмай, қолданылатын әдістерді қысқаша сипаттау қажет;

- стандартты әдістер үшін дереккөзге сілтеме жасау қажет;

- жаңа әдісті қолданған кезде, оның толық сипаттамасы берілуі қажет.

Нәтижелер. Бұл бөлімде мақаланың мәнін нақты көрсетіп, алынған зерттеу нәтижелері мен нақты ұсыныстарға талдау жасау қажет. Оқырман зерттеу кезеңдерін қадағалап, автордың тұжырымдарының дұрыстығын бағалай алуы үшін, жүргізілген зерттеу нәтижелерін толық сипаттау қажет. Нәтижелер қажет болған жағдайда иллюстрациялармен – кестелермен, графиктермен, суреттермен расталады, олар бастапқы материалды немесе дәлелдерді құрылымдық/графикалық түрде көрсетеді.

Талқылау. Талқылау және нәтижелерді түсіндіру, соның ішінде алдыңғы зерттеулер контекстінде.

  • Нәтижелер бөлімінде анықталған ең маңызды нәтижелердің қысқаша сипаттамасы және оларды үлгілік тақырыпқа арналған басқа зерттеулермен салыстыру;
  • Проблемалық аймақтарды ерекшелеу, кейбір аспектілердің болмауы;
  • Зерттеудің алдағы бағыттары.

Қорытынды. Зерттеу қорытындыларын жалпылау (әрбір тармақ Кіріспеде берілген тапсырмаларға жауап беруге немесе Кіріспеде белгіленген гипотеза ережелерін (бар болса) дәлелдеу үшін дәлел болуы керек).

Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса) және/немесе алғыс гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды, өзге қаржыландыруды іске асыру шеңберінде мақалалардың жариялануы туралы ақпаратты беру қажет, не болмаса әріптестерге немесе олардың көмегімен (қолдауымен) зерттеулер жүргізілген өзге де тұлғаларға және т.б. алғыс сөздер айтылады.

Әдебиеттер тізімі (References). Халықаралық өзекті дереккөздерді, соңғы 7 жыл ішінде Web of Science және/ немесе Scopus дерекқорынан алынған дереккөздердің кемінде 50%-ын пайдалану маңызды. Сондай-ақ мәтіндегі сілтемелер библиография тізіміндегі дереккөздерге сәйкес келуі керек, автор және журнал деңгейінде өзін-өзі бағалаудан аулақ болыңыз.

Әдебиеттер тізімі: библиографиялық тізім екі рет жасалады:

Әдебиеттер тізімі:

- ГОСТ 7.1-2003 СИБИД. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған жалпы талаптар мен қағидалар (2003 жылғы 2 шілдедегі №2 хаттама) (docs.cntd.ru);

- APА Халықаралық библиографиялық стандартына  (http://www.bibme.org/citation-guide/APA/book) сәйкес рәсімделеді.

Мәтіндегі әдебиетке бірінші сілтеме [1], екіншісі [2] және т.б. ретімен болуы керек. Кітаптан алынған нәтижеге сілтеме жасағанда, оның әдебиеттер тізіміндегі нөмірі және (үтір арқылы) осы нәтиже жарияланған беттің нөмірі көрсетіледі. Мысалы: [8; 325]. Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.

Әдебиеттер тізімін нөмірлеуде араб цифрынан кейін нүкте қойылмайды:

Мысалы, ГОСТ 7.1-2003 СИБИД бойынша:

  • Петушкова, Г.И. Проектирование костюма [Текст]: учеб. для вузов / Г.И. Петушкова. - М.: Академия, 2004. -416 с.
  • Борисова, Н.В. Мифопоэтика всеединства в философской прозе М.Пришвина [Текст]: учеб. - метод, пособие / Н.В. Борисова. - Елец: Изд-во Елецкого гос. ун-та, 2004. - 227 с.
  • Краснова, Т.В. Древнерусская топонимия Елецкой земли [Текст]: монография. - Елец: Изд-во Елецкого гос. ун-та, 2004. - 157)

Мысалы, APA стандарты бойынша:

Information taken from the official site http://www.bibme.org/citation-guide/APA/book, where you can also find additional information References.

Books

Author, A. (Year of Publication). Title of work. Publisher City, State: Publisher.

Finney, J. (1970). Time and again. New York, NY: Simon and Schuster.

 

 Articles in journals (print format)

Author, A. (Publication Year). Article title. Periodical title, Volume(Issue), pp.-pp.

Nevin, A. (1990). The changing teacher education special education. Teacher Education and Special Education: The Journal of the Teacher Education Division of the Council for Exceptional Children, 13(3-4), 147-148.

 Articles in journals (electronic format)

Author, A. (Publication Year). Article title. Periodical Title, Volume(Issue), pp.-pp. DOI:XX.XXXXX or Retrieved from journal URL.

Jameson, J. (2013). E-Leadership in higher education: The fifth “age” of educational technology research. British Journal of Educational Technology, 44(6), 889-915. DOI:10.1111/bjet.12103

Conference proceedings, comp. work

Editor, A., & Editor, B. (Eds.). (Year). Title of conference: Subtitle of conference, Location, Date. Place of publication: Name of Publisher.

Schnase, J. L., & Cunnius, E. L. (Eds.). (1995). Proceedings from CSCL '95: The First International Conference on Computer Support for Collaborative Learning. Mahwah, NJ: Erlbaum.

Copyrights and patents

http://libraryguides.vu.edu.au/apa-referencing/patents-and-standards)

Bryant, S. J. (1998). European Patent No. EP GB2322334. Munich, Germany: European Patent Office.

Wynne, B. M. (2003). U.S. Patent No. 6,606,963. Washington, DC: U.S. Patent and Trademark Office.

 

Формулалар. Қарапайым ішкі және бір жолды формулалар арнайы редакторларды пайдаланбай, таңбалармен терілуі керек (Symbol, GreekMathSymbols, Math-PS, math a Mathematica BTT қаріптерінен арнайы таңбаларды қолдануға рұқсат етіледі). Күрделі және көп жолды формулалар Microsoft Equation 2.0, 3.0 формула редакторында толығымен терілуі керек. Формуланың бір бөлігін таңбалармен, ал бір бөлігін формулалар редакторында теруге жол берілмейді.

Кестелер. Мәтін бойынша орналастырылады. Кестелерді нөмірлеу мәтін бойынша сілтемелер ретімен жүргізіледі. Кестенің нөмірлеу тақырыбы сол жаққа тураланған қою емес қаріппен теріледі (мысалы, 1-кесте). Тақырып атауы (егер бар болса) осы жолдың сол жақ шеті бойынша тураланған қою емес қаріппен жазылады. Негізгі мәтіндегі кестеге сілтеме жақшада қою емес қаріппен жасалады. Мысалы, (1-кесте). Егер кестенің көлемі үлкен болса, оны жеке параққа орналастыруға болады, ал егер оның ені айтарлықтай болса, онда альбом бағдарындағы параққа орналастыруға болады.

Суреттер. Мәтін бойынша орналастырылады. Суреттерді нөмірлеу мәтін бойынша сілтемелер ретімен жүргізіледі. Нөмірлеу тақырыбы ортасына тураланған қою емес қаріппен теріледі (мысалы, 1-сурет). Тақырып атауы (бар болса) бірден сол жолға нөмірлеу тақырыбынан кейін орналастырылады (мысалы, 1-сурет – ... тәуелділігі). Негізгі мәтіндегі суретке сілтеме жақшада қою емес қаріппен жасалады. Мысалы, (1-кесте). Егер кестенің көлемі үлкен болса, оны жеке параққа орналастыруға болады, ал егер оның ені айтарлықтай болса, онда альбом бағдарындағы параққа орналастыруға болады. Суреттерді түпнұсқадан сканерлеуге болады (сұр түсті 150 dpi) немесе компьютерлік графика арқылы жасауға болады. Суреттерге жазулар тікелей суреттің астында жазылуы керек.

Авторлардың әрқайсысы бойынша мәліметтер (ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қызметтік мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

 

ӘОЖ (УДК), (UDC) 577.2:577.29                                                          

 

ПАТОГЕНДІК САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРҒА ТӨЗІМДІЛІКТІ АНЫҚТАЙТЫН БИДАЙ ГЕНДЕРІН АНЫҚТАУ

 

Иванов Иван Иванович

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент,

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық

университеті, Астана қ., Қазақстан

E-mail: tech@mail.ru

 

Түйін: Мақала авторы нақты жүргізілген зерттеулеріне сүйене отырып, бидайдың патогендік саңырауқұлақтарға төзімділік гендерінің болуы селекциялық жұмыста қолданудың негізгі факторы екенін дәлелдейді. Мақалада Sr32, Bt9 және Bt10 бидай гендерін анықтау нәтижелері келтірілген, олар сабақтың тот ауруын тудыратын патогенді саңырауқұлақтарға, сондай-ақ қатты саңырауқұлақтарға құрғақшылыққа төзімділікке жауап береді…[кемінде 100 сөз].

Кілт сөздер: төзімділік гендері; сабақ тоты; қатты шірік; патогендік микроскопиялық саңырауқұлақтар; электрофорез; ПТР; бидай (7 сөз немесе сөз тіркесі).

Мақаланың негізгі мәтінінде келесі құрылымдық элементтер болуы керек:

- Кіріспе;

-     Материалдар мен әдістер;

-     Нәтижелер;

-     Талқылау;

-     Қорытынды;

- Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса);

-     ГОСТ 7.1-2003 СИБИД сәйкес әдебиеттер тізімі; 

- APА стандарттарына сәйкес ұсыныстар.

 

* Содан кейін екі тілде түйін беріледі.

 

** Авторлар туралы мәліметтеравторлардың әрқайсысы бойынша мәліметтер келтіріледі (ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, мекен жайы, телефоны).