Қазақ жылқысының төрт типінің (Жабы, Найман, Оңтүстік Алтай және Адай) шаш фолликулаларынан оқшауланған ДНҚ-ны бағалау
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/cajvs.2026.3(015).2250Ключевые слова:
Толық геномды секвенирлеу, ДНҚ алу, жылқының шаш фолликулы, ; PureLink геномдық ДНҚ жинағы, Қазақ жылқысы, Жабы, Найман типі, Оңтүстік Алтай типі, Адай типіАннотация
Бұл жұмыста қазақ жылқысының төрт типінің: Жабы, Найман, Оңтүстік Алтай және Адай шаш фолликулаларынан оқшауланған ДНҚ сапасы мен концентрациясы бағаланды. Зерттеу материалы Қазақстанның әртүрлі аймақтарында (Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Маңғыстау облыстары) іріктелген қазақ жылқыларының шаш фолликулаларының 84 үлгісі болды. ДНҚ экстракциясы PureLink Genomic DNA Mini Kit жиынтығының көмегімен жүргізілді және сандық және сапалық бағалау A260/A280 көрсеткіші бойынша NanoDrop спектрофотометрінде орындалды.
Оқшауланған ДНҚ концентрациясы 93.7–ден 247.2 ng/ml-ге дейінгі аралықты қамтығаны анықталды, ал тазалық көрсеткіштері негізінен 1.8-1.9 аралығында болды, бұл одан әрі жасалатын молекулалық-генетикалық зерттеулерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
Алынған нәтижелер қолданылған экстракция әдісінің тиімділігін және шаш фолликулаларын одан әрі геномдық зерттеулер мен қазақ жылқыларының толық геномдық реттілігі үшін генетикалық материалдың инвазивті емес көзі ретінде пайдалану мүмкіндігін растайды.