MAPPING AND ANALYSIS OF THE DISTRIBUTION OF PARASITIC INFECTIONS OF CATS IN CITIES OF KAZAKHSTAN
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/cajvs.2026.3(015).2243Ключевые слова:
Kazakhstan, Toxoplasma gondii, geographic information systems, spatial analysis, cartographic modeling, catsАннотация
Мақалада Қазақстанның ірі қалаларындағы мысықтардағы эндопаразиттердің таралуын талдауға арналған ақпараттық деректер базасын және ГИС негізіндегі картографиялық модельді әзірлеу мен қолдану қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі үй және қаңғыбас мысықтардан адамға берілетін паразиттердің жоғары эпидемиологиялық маңыздылығымен, сондай-ақ елде осы мәселе бойынша жүйеленген деректердің жеткіліксіздігімен негізделеді.
Зерттеудің мақсаты - мысықтардағы эндопаразиттер туралы деректерді жинау, сақтау, талдау және кеңістіктік визуализациялау үшін кешенді ақпараттық ресурсты әзірлеу, сондай-ақ жоғары қауіп аймақтарын анықтау болды. Зерттеуге Қазақстанның бес қаласынан (Алматы, Астана, Шымкент, Орал және Қостанай) алынған 1301 мысықтың деректері енгізілді. Мәліметтер ветеринариялық клиникалар мен жануарлар панажайларынан жиналды. Деректер базасында жануарлардың биологиялық сипаттамалары, биологиялық сынама түрлері, зертханалық талдау нәтижелері және сынама алынған орындардың географиялық координаттары қамтылды.
ГИС технологияларын (ArcGIS) пайдалану арқылы эндопаразиттердің таралуына кеңістіктік талдау жүргізілді, соның ішінде Toxocara cati, Giardia, Cystoisospora spp., Cryptosporidium (копроскопия) және Toxoplasma gondii(серология).
Нәтижелер Алматы қаласында таралу деңгейі ең жоғары екенін көрсетті, ал Астана қаласында көрсеткіштер төмен болды, бұл климаттық жағдайлармен және мысық популяциясының тығыздығындағы айырмашылықтармен түсіндіріледі.
Әзірленген деректер базасы мен картографиялық модель эпидемиологиялық мониторинг, қауіп-қатерді бағалау және алдын алу шараларын жоспарлау үшін тиімді құрал болып табылады. Зерттеу нәтижелері халық арасында зооноздық паразитарлық инфекциялар қаупін төмендету мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау, ветеринария және экологиялық мониторинг салаларында қолданылуы мүмкін.