Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында мекендейтін қарақұйрықтардың қазіргі жағдайы мен сандық динамикасы

Авторы

  • Акимжанов Д.Ш. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Буршакбаева Л.М С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Байбатшанов М.К. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Нургожаева Н.М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Ахметжанова Н.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2071

Ключевые слова:

Шарын МҰТП; қарақұйрық; популяция; сандық динамика; жылдық өсім.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Бұл мақалада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (бұдан әрі – Шарын МҰТП) аумағында мекендейтін қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) қазіргі жағдайы мен сандық динамикасы қарастырылады. Зерттеу барысында популяцияның экологиялық ерекшеліктері, санына әсер ететін табиғи және антропогендік факторлар талданды.

Нәтижелер.қарақұйрықты қорғау шараларын жетілдіруге бағытталған.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстары 2024 жылы Шарын МҰТП аумағында жүргізілді. Қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) саны мен таралуы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Зоология институты (2003) әзірлеген нұсқаулық пен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен әдістемелік ұсынымдарға (2005) сәйкес есепке алынды. Санақ автомобиль және ат маршруттары бойымен тікелей есептеу әдісімен жүргізілді. Бақылаулар бинокльдер арқылы күндізгі уақытта орындалып, деректер GPS навигаторымен белгіленді. Жұмыстарға ұлттық парк қызметкерлері, мемлекеттік инспекторлар және университет ғалымдары қатысты.

Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері Шарын МҰТП аумағындағы қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) популяциясы 2020-2024 жылдары тұрақты өсімге ие болғанын көрсетті. Жануарлар шағын топтарда тіршілік етіп, белсенділігі негізінен күндізгі уақытқа шоғырланды. Биотехниялық шаралар популяция тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарды.

Қорытынды. Жүргізілген зерттеу нәтижелері Шарын МҰТП аумағында қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) популяциясы тұрақты өсім мен экологиялық бейімделу қабілетін көрсететінін анықтады. Популяция санына табиғи және антропогендік факторлар әсер етеді, ал биотехниялық шаралар олардың мекендеу тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Опубликован

2025-12-30