«Шарын МҰТП» аумағында мекендейтін қарақұйрықтардың қазіргі жағдайы мен сандық динамикасы
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2071Аннотация
Алғы шарттар мен мақсат. Бұл мақалада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында мекендейтін қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) қазіргі жағдайы мен сандық динамикасы қарастырылады. Зерттеу барысында популяцияның экологиялық ерекшеліктері, санына әсер ететін табиғи және антропогендік факторлар талданды. Нәтижелер қарақұйрықты қорғау шараларын жетілдіруге бағытталған.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстары 2024 жылы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізілді. Қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) саны мен таралуы ҚР БҒМ Зоология институты (2003) әзірлеген нұсқаулық пен ҚР АШМ бекіткен әдістемелік ұсынымдарға (2005) сәйкес есепке алынды. Санақ автомобиль және ат маршруттары бойымен тікелей есептеу әдісімен жүргізілді. Бақылаулар бинокльдер арқылы күндізгі уақытта орындалып, деректер GPS навигаторымен белгіленді. Жұмыстарға ұлттық парк қызметкерлері, мемлекеттік инспекторлар және университет ғалымдары қатысты.
Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) популяциясы 2020–2024 жылдары тұрақты өсімге ие болғанын көрсетті. Жануарлар шағын топтарда тіршілік етіп, белсенділігі негізінен күндізгі уақытқа шоғырланды. Биотехникалық шаралар популяция тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарды.
Қорытынды. Жүргізілген зерттеу нәтижелері Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) популяциясы тұрақты өсім мен экологиялық бейімделу қабілетін көрсететінін анықтады. Популяция санына табиғи және антропогендік факторлар әсер етеді, ал биотехникалық шаралар олардың мекендеу тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.