the ГАЖ және аэроғарыштық әдістер негізінде қарағайлы орман жамылғысының өзгерісін NDVI және FCD көрсеткіштерімен бағалау
Оценка изменений соснового лесного покрова с использованием индексов NDVI и FCD на основе ГИС и аэрокосмических методов
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.1(124).1863Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Зерттеу «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының 2008-2023 жылдардағы қарағайлы орман жамылғысының өзгерісін өсімдік жамылғысының нормаланған вегетациялық индексі (NDVI) және FCD (Forest Canopy Density) әдісі арқылы бағалауға бағытталып, географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) және қашықтықтан зондтау әдістерін қолдана отырып, 2008-2023 жылдар аралығында қарағайлы орман жамылғысының өзгерісін бағалауды мақсат етті. Негізгі көрсеткіштер ретінде өсімдік жамылғысының нормаланған вегетациялық индексі (NDVI) және орман жамылғысының тығыздық көрсеткіші (FCD) пайдаланылды.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында Landsat 5 TM және Landsat 9 OLI спутниктік деректері пайдаланылды. Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) платформалары ретінде Google Earth Engine (GEE) және ArcGIS қолданылды. Деректерді алдын ала өңдеу кезеңдері атмосфералық түзету, бұлттардан тазарту, радиометриялық және геометриялық түзету қадамдарынан тұрды. Орман жамылғысын бағалау үшін FCD әдісі мен NDVI индексі пайдаланылды.
Нәтижелер. NDVI әдісі үлкен аумақтардағы өсімдік жамылғысының жай-күйінің жалпы көрінісін ұсынадыжәне тек ормандардың ғана емес, сонымен қатар өсімдіктердің басқа түрлерінің де динамикасын бақылауғамүмкіндік береді. Алайда, оның кемшілігі - ағаш жамылғысының тығыздығын дәл бағалауда нақты ақпарат бере алмауында әсіресе тығыз ормандарда. FCD, керісінше, орман алқаптарының тығыздығын бағалауда дәлірек,өйткені ол орман жамылғысының тығыздығын талдау үшін арнайы жасалған. Бұл әдіс орман құрылымындағыөзгерістерді жақсырақ көрсетеді. Кемшіл тұстары - басқа өсімдік түрлерін қамтымайды.
Қорытынды.Зерттеу нәтижелері «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қарағайлы орман жамылғысының соңғы 15 жыл ішінде қалпына келгенін көрсетті. Ормансыз аумақтардың үлесі айтарлықтай қысқарып, қалың орман жамылғысы ұлғайған. Бұл өзгерістер табиғи регенерация, орманды қалпына келтіру бағдарламалары және климаттық факторлармен байланысты. NDVI және FCD әдістерін қатар қолдану орман экожүйесінің өзгерісін кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер Қазақстанның басқа да табиғи аймақтарында қолданылуы мүмкін және орманды басқару стратегияларын әзірлеуге негіз бола алады.
Кілт сөздер: NDVI, FCD, ГАЖ, қашықтықтан зондтау, Landsat, орман жамылғысы, Семей орманы, орман деградациясы, табиғи регенерация.