ОҢТҮСТІК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІРІЛГЕН КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ҚОР САҚТАУШЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ
топырақ өңдеу; тікелей себу; минималды өңдеу; өнімділік; тыңайтқыш.
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1261Ключевые слова:
топырақ өңдеу; тікелей себу; минималды өңдеу; өнімділік; тыңайтқыш.Аннотация
Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның оңтүстік шығысының суармалы жерлерінде күздік бидайдың тәжірибелік танабының ашық қара- қоңыр топырағында минималды өңдеудің тиімділігі анықталды. Топырақты өңдеудің барлық нұсқаларында күздік бидай өнімділігінің артуы ең алдымен күздік бидайдың өнімді түптенуі және дәнділігінің артуына байланысты болды. Топырақты өңдеудің ең тиімді әдісі - минималды өңдеу тәсілі екендігі анықталды, яғни ол таза пайданың 21 мың теңгеге дейін өсуін қамтамасыз етті. Осылайша, біздің зерттеулер суармалы жағдайда ашық қара-қоңыр топырақты өңдеудің қарқындылығын төмендету әбден мүмкін әрі мақсатты екенін анықтады. Қазақстанның көптеген облыстарында ауылшаруашылық кәсіпорындарының танаптық тәжірибелері көрсеткендей, жаңа технологияларға көшу астық өндірісінің өзіндік құнын 30% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Көпжылдық зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстанның оңтүстік- шығысының ашық қара - қоңыр топырақтарында 10-12 см тереңдікте сыдыра өңдеу тәсілін өндіріске енгізуге ұсыныс беріледі.