ОҢТҮСТІК ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІРІЛГЕН КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ҚОР САҚТАУШЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ

топырақ өңдеу; тікелей себу; минималды өңдеу; өнімділік; тыңайтқыш.

Авторы

  • Құныпияева Г. Т. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты https://orcid.org/0000-0002-6653-7041
  • Жапаев Р. Қ. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
  • Оспанбаев Ж. О. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
  • Хидиров А. Э. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
  • Исабай Б. Т. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
  • Жусупбеков Е. Қ. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
  • Елназарқызы Р. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1261

Ключевые слова:

топырақ өңдеу; тікелей себу; минималды өңдеу; өнімділік; тыңайтқыш.

Аннотация

Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның оңтүстік шығысының суармалы жерлерінде күздік бидайдың тәжірибелік танабының ашық қара- қоңыр топырағында минималды өңдеудің тиімділігі анықталды. Топырақты өңдеудің барлық нұсқаларында күздік бидай өнімділігінің артуы ең алдымен күздік бидайдың өнімді түптенуі және дәнділігінің артуына байланысты болды. Топырақты өңдеудің ең тиімді әдісі - минималды өңдеу тәсілі екендігі анықталды, яғни ол таза пайданың 21 мың теңгеге дейін өсуін қамтамасыз етті. Осылайша, біздің зерттеулер суармалы жағдайда ашық қара-қоңыр топырақты өңдеудің қарқындылығын төмендету әбден мүмкін әрі мақсатты екенін анықтады. Қазақстанның көптеген облыстарында ауылшаруашылық кәсіпорындарының танаптық тәжірибелері көрсеткендей, жаңа технологияларға көшу астық өндірісінің өзіндік құнын 30% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Көпжылдық зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстанның оңтүстік- шығысының ашық қара - қоңыр топырақтарында 10-12 см тереңдікте сыдыра өңдеу тәсілін өндіріске енгізуге ұсыныс беріледі.

Загрузки

Опубликован

2022-12-21