ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА «ТӘУЕЛСІЗ» БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторы

  • Муханбеткалиев Е.Е, Аринов Е.К.

Ключевые слова:

тәуелсіздік, отарлық саясат, отарлық білім беру, сана, төл сана, тарих, жадидизм, еуропацентризм, ориентализм, ағартушылық

Аннотация

Мақалада авторлар еліміздің тәуелсіздігін тарихи жадымызды жаңғыртушы, төл санамызды ұлықтаушы, тарихи тұлғаларымыздың ұстанымдары мен ой-толғамдары жайлы дұрыс таным-түсінік қалыптастырушы мүмкіндік ретінде қабылдай отырып, Ресей империясының, оның кейінгі мұрагері Кеңес Одағының қазақ жеріндегі отарлық білімі мен сол отарлық білімге жаны қас болған қазақ ойшылдарының білім беру туралы ойтолғамдарына талдау жасайды. Білім беру өте маңызды, күрделі, әрі өте жауапты үдеріс. Әсіресе тәуелсіздігін енді алған «жас» ел үшін білім беру саласын дұрыс жолға салу кезек күттірмейтін мәселе. Мәселенің маңыздылығы бөгде елдің отары болған елдің тәуелсіздік алғаннан кейін білім беру саласын отарлаушы елдің бөгде сана шырмауынан дер кезінде «сауықтыру» керектігімен айқындалады. Білім берудегі отарсыздану үдерісі отаршылық әкелген бөгде санадан, қате таным-түсініктен арылудың бірден бір жолы. Білім сананы ағартады, отарлық сананың шеңберін бұзады және жаңа көзқарас қалыптастыруға негіз болады. Мәселе білімнің төл санаға пайда әкелетін немесе пайда әкелмейтін түрлерін дұрыс анықтап алуда. Осы жерде қазіргі заманғы тәуелсіз еліміздің
азаматтарының көзқарастарын және қоғамдық сананы қалыптастырушы отандық тарих, әдебиет және ұлттық философияның орны да, маңыздылығы да, құндылығы да анықталмақ. Сондықтан мақалада авторлар «Қоғамдық
ғылымдардың қазіргі жай-күйі қандай? Бұл ғылымдар тәуелсіз елдің тәуелсіз санасын қалыптастыра алып отыр ма? Отарлық сана қалыптастырған дүниетанымдық негіздерден арылды ма? Отарлаушылар жазып берген тарихымызды қайта зерделей алдық па? Қазақ халқының тарихына, қазақ ойшылдарына объективті пікір бере алдық па?» сияқты сұрақтарға жауап іздейді.

Загрузки

Опубликован

2021-07-07