АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН САТУ САЯСАТЫ: МОДЕЛЬДЕУ,ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ
Ключевые слова:
ауыл шаруашылығы өнімдері, сату саясаты, белгісіздік, маусымдық, өнімді сақтау, нарық, баға, үлгілеу.Аннотация
Сату жоспарын оңтайландыру міндеті қазіргі уақытта қабылданған шешім болашақта қабылданатын шешімдерді белгілі шамада алдын ала анықтайды деген мағынада динамикалық сипатқа ие. Жоспарлы кезең ішінде өнімге бағалар динамикасының сценарийлерін қалыптастыру ұтымды жоспарлау үшін маңызды мәнге ие. Кәсіпкердің қандай да бір шешімді таңдауына кәсіпорынның ақша қаражатына ағымдағы қажеттіліктері, қандай да бір шешім қабылдаудан болған ықтимал шығындар мөлшері, кредиторлар алдындағы міндеттемелер, өнімді жеткізу бойынша келісімшарттық
міндеттемелер және басқа да жағдайлар әсер етеді. Уақыт өте келе өнім нарығының мінез-құлқы туралы ақпараттың
жаңаруына қарай жоспар өзгеріске ұшырауы мүмкін. Шешім қосарланған "күтілетін кіріс - тәуекел" критерийі бойынша қабылданады және ол әрбір сатушы үшін жеке қабылданады. Тапсырманың мазмұны оны "Не, егер"қағида негізінде жұмыс істейтін имитациялық модель түрінде формалдауды көздейді. Оның негізінде алынған шешімдер индикативтік
сипатқа ие. Дегенмен, әдістемені компьютерлік іске асыру өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатудың икемді стратегиясын іске асыруға, сату саясатын тұрақты өзгеріп тұратын экономикалық ортаға бейімдеуге мүмкіндік береді деп автор тұжырымдайды.