OPISTHORCHIS FELINEUS ДНҚ-ЫН ӘРТҮРЛІ ӘДІСТЕРМЕН БӨЛІП АЛУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Ключевые слова:
ДНҚ бөліп шығару, ПЦР қою реакциясы, оқшалаушы буфер, CTAВ-буфері, Фенол-хлороформ әдісі, жетілген марита, молекулярлық генетикалық талдау, трематода, описторхоз, амплификациялауАннотация
Мақалада авторлар O. felineus маритысының жыныстық жетілген түрлерінен ДНҚ-ны бөліп алу тиімділігі туралы нәтижелерді келтірген.ДНҚны бөліп алуғаәртүрлі әдістердіңтигізетін әсерлері алынған үлгілердегі концентрацияны өлшеу негізінде көрсетілген, сонымен қатар ДНҚ-ның тазалығы мен концентрациясы, негізінен, трематодтарға физикалық немесе
химиялық әсер етумен байланысты болған.Алынған ДНҚ ITS2 рибосомалық (ядролық) геномның арнайы праймерлерімен ПТР талдауын жүргізу үшін қолданылған. Нәтижелер 1% агарозды гельде анықталған, электрофореграммада O. felineus маритысынан ДНҚ-ны бөліп алудыңтиімді әдісі ампликондардың жылжу жылдамдығымен салыстырылған.Зерттеу
барысында оңтайлы ерітінді концентрациясы таңдалды және ДНҚ-ны мол көлемде бөліпалу үшін барлық үш әдістерге өзгертулер енгізілген.Сонымен қатар, ДНҚ бөліп алупротоколы дайындалғанжәне ПТР талдау жасау үшін бағдарлама әзірленген