КРОСС-МӘДЕНИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Ключевые слова:
кросс-мәдени,білім алушылық, коммуникация, үрдіс, құзіреттілік, байланыстар, толеранттылық, эмпатия, тиімділікАннотация
Мәдениетаралық коммуникация үрдістің қатысушыларынан кроссмәдени құзіреттілікті талап етеді. Бұл құзіреттілік адами әрекеттің барлық саласында сұранысқа ие болуда. Сондықтан осы көрсетілген құзіреттілік білім алуда педагогика, менеджмент, маркетинг, жарнама және көпшілікпен байланыс жасаудың әртүрлі бағыттарының қажетті бөлігі болып келеді.
Кросс-мәдени аспект коммуникация нәтижелілігінің бір шарты ретінде қарастырылады. Кросс-мәдени кеңістікте коммуникацияның маңызды элементі вербалды емес коммуникация болып табылады, былай айтқанда, бұған коммуникация контекстінде вербалды емес кодтың болуы жатады. Мақаланың екінші бөлігінде автор кросс-мәдени құзіреттіліктің негізгі аспектілерін, оған сәйкес келетін кросс-мәдени құзіреттілікті қалыптастырудың негізгі жолдарын белгілейді. Біріншіден, осы жолдарға эмпатия мен толеранттылық қасиеттерінің пайда болуы; ал бұл қасиеттер басқа мәдениетерді білу арқылы бойға сіңеді, екіншіден, кросс-мәдени ортада, кросс-мәдени байланыстар саласында коммуникативтік тәжірибе жинау жатады