Дайындалған жемнің біркелкілігін анықтау бұрандалы пышақпен және саусақ қондырғыларымен жабдықталған құрылғы

Авторы

  • Искаков Р.М. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Абилжанулы Т. Научно-производственный центр агроинженерии
  • Гуляренко А.А. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Мустафин Ж.Ж. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Аскаров Н.К. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Байдаулетова М.Ж. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.1(124).1815

Аннотация

Алғышарт және мақсат. Жемге деген сұраныстың артуына байланысты жоғары біркелкі жем өндірісін қамтамасыз ететін құрылғыларды әзірлеу қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, аз зерттелген процесс - жануарлардан алынатын әртүрлі компоненттерді, соның ішінде әртүрлі сүйек қалдықтарын бір-бірімен және басқа шикізатпен араластыру. Осының негізінде жем құрамдастарын жоғары біртектілікке араластыруға бағытталған бұрандалы пышақ және саусақ қондырғыларымен жабдықталған құрылғының конструктивтік-технологиялық схемасы ұсынылды.

Материалдар мен тәсілдер. Зерттеу объектісі жемді араластырудың біркелкілігін анықтау болды. Жұмыртқа қабықтары мен тауық жұмыртқасының сарысы қалдықтары бұрандалы пышақ пен саусақ қондырғыларымен жабдықталған құрылғыға салынды. Бұршақ бақылау компоненті ретінде қызмет етті. Аралас үлгілер араластыру процесі басталғаннан кейін 2-ші, 4-ші, 6-шы және 8-ші минуттарда алынды.

Нәтижелер. Шнек-пышақ және саусақ қондырғыларымен жабдықталған әзірленген құрылғыны қолдану арқылы дайындалған жем үлгілеріне эксперименттік зерттеулер жүргізу нәтижесінде жұмыртқа қабығын сарысы қалдықтарымен және бақылау компоненті бұршақпен араластырудың біртектілігіне 89,23% (2 минуттан кейін) нәтижелер алынды; 89,445% (4 минуттан кейін); 89,5% (6 минуттан кейін); 90,8% (8 минуттан кейін).

Қорытынды. Шнек-пышақ және саусақ қондырғыларымен жабдықталған құрылғының әзірленген конструктивтік-технологиялық сұлбасы әр түрлі азық компоненттерін араластыру процесінің тұрақты орындалуын қамтамасыз етті және тәжірибелерде жемді араластырудың жоғары деңгейіне дейін тиімділігін дәлелдеді.

Опубликован

2025-03-27