Ақмола облысының агроэкожүйелерінде ландшафттық-экологиялық тәсілді қамтамасыз етудегі жерге орналастырудың функциясы

Авторы

  • Шакенова Ж.К. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Озеранская Н.Л С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Унышева Н.К. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2055

Ключевые слова:

жер ресурстары; агроландшафттар; эрозиялық процестер; ландшафттық- экологиялық тәсіл; жерге орналастыру; егіс алқаптарын ұйымдастыру.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Ақмола облысы ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану мәселесі экологиялық және агроландшафтық тұрақтылықтың төмендеуімен, эрозиялық процестердің таралуымен және жер құрылымының тұрақсыз болуымен байланысты өзекті сипатқа ие. Сондықтан агроэкожүйелердің тұрақтылығын сақтау үшін жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру және эрозияға қарсы шараларды жүйелі түрде енгізу маңызды. Зерттеудің мақсаты – егіншілік жүйесіндегі ауыл шаруашылығы жерлерін экологиялық-ландшафтық аймақтарға бөлу болып табылады. Зерттеу нысандары ретінде Солтүстік Қазақстан өңірінің типтік шаруашылықтары таңдап алынды. Зерттеудің өзектілігі агроландшафтардың экологиялық жағдайын талдау барысында дәлелденді, яғни олардың тұрақтылығының төменділігімен, жер құрылымының оңтайлы болмауымен және эрозиялық процестердің таралуымен анықталды.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жүйелі тәсілге сүйеніп жүргізілді, бұл жеке ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жер пайдалануын әртүрлі деңгейдегі ландшафттық жүйелердің жиынтығы ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Жер пайдалану жағдайларын талдау барысында ландшафттың негізгі табиғи және антропогендік элементтері анықталды. Ландшафттық картографиялау табиғи ландшафттардың морфологиялық және парадинамикалық құрылымдарын ескере отырып жүзеге асырылды. Таңдалған жер учаскелері үшін графикалық модельдеу мен ГАЖ технологияларды қолдана отырып, эрозиялық процестер карталары және ірі масштабты гипотезалық ландшафттық карталар дайындалды.

Нәтижелер. Жер пайдалану жағдайларын талдау агроэкожүйелердің тұрақтылығына әсер ететін негізгі ландшафттық құрылымдарды анықтауға мүмкіндік берді. Зерттелген аумақ микрозоналарға бөлініп, табиғи жағдайлары мен экологиялық бұзылу дәрежесі бойынша ұқсас учаскелер айқындалды. Ландшафттық экологиялық топтарды айқындау әдістемесі әзірленіп, олардың шаруашылықта ұтымды пайдаланылу бағыттары негізделді.

Қорытынды. Зерттеу барысында ландшафттық экологиялық топтарды бөліп көрсетуге арналған іс әрекеттердің бірізділігі жасалды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы алқаптарын жоспарлау мен егістікті ұйымдастырудың ландшафттық тәсілге негізделген ерекшеліктері анықталды. Агроландшафттық аймақтарға бөлу жердің ландшафттық жағдайлары мен агроэкологиялық күйін талдау негізінде жүргізілді. Бұл үшін ландшафттық бірліктерді функционалдық микроаймақтарға біріктіретін топтастыру әдісі қолданылды. Солтүстік Қазақстан шаруашылықтарында келесі ландшафттық-экологиялық топтарды бөліп көрсету ұсынылады: ерекше пайдалану режимі бар табиғатты қорғау аймақтары, ауыл шаруашылығы әлеуетін қалпына келтіруге арналған аумақтар, сондай ақ егістік, шабындық және жайылымдық ландшафттар.

Опубликован

2025-12-30