Тұзға төзімді және бидайдың өнгіштігі мен өскінінің дамуын ынталандыратын көмірде таралған микроағзаларды іріктеу

Авторы

  • Баимбетова Э.М. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Науанова А.П. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Шуменова Н.Ж. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Максутбекова Г.Т. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Хамитова Т.О. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.1(124).1827

Ключевые слова:

культуралды сүзінді; өсуді ынталандырушы; бидай; микроағзалар штамдары; тұзға төзімді микроағзалар.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Қазақстанда қоңыр көмірдің қомақты қоры бар, бұл оны тыңайтқыштар мен мелиоранттар өндіру үшін пайдалануға болатын гуминді заттардың маңызды көзі етеді. Жұмыстың мақсаты топырақ құнарлылығын жақсарту және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру үшін органоминералды тыңайтқыштар алуда көмір қалдықтарынан микроағзаларды іріктеу.

Материалдар мен әдістер. Қарағанды облысының төмен сұрыпты Күмісқұдық және Кузнецк кен орындары көмірлерінде таралған бактериялар, саңырауқұлақтар мен актиномицеттер саны анықталып, жалпы саны 28 микроағза изоляттары бөлініп алынды. Құрамында 1% натрий хлориді бар тұзды Бёрк қоректік ортада қарқынды өскен Bacillus firmus №2, Microbacterium ginsengiterrae №4, Microbacterium ginsengiterrae №5, Brevundimonas vesicularis №11, Brevundimonas nasdae №12, Brevundimonas vesicularis №19, Pseudomonas mandelii №25, Streptomyces parvus №26, Streptomyces parvus №27, Brevundimonas vesicularis №28 штамдары іріктеліп, зертханалық жағдайда бидай дақылының өсуін ынталандыру қасиеті анықталды.

Нәтижелер. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей бидай дәнін Bacillus firmus №2, Microbacterium ginsengiterrae №4 и Brevundimonas nasdae №12, Brevundimonas vesicularis №19, Pseudomonas mandelii №25, Streptomyces parvus №27 және Brevundimonas vesicularis №28 штамдарының метаболиттерімен өңдегенде бидайдың өнгіштігі, өну энергиясы бақылаумен салыстырғанда біршама жоғары болды. Сондай-ақ Bacillus firmus №2, Microbacterium ginsengiterrae №4, Brevundimonas nasdae №12, Brevundimonas vesicularis №19 штамдары бидай өскіндерінің 8,4-12%-ға, ал Brevundimonas vesicularis №19 штамы өскін тамыршаларының ұзындығын 5,8%-ға дейін бақылаумен салыстырғанда өсуін ынталандырды.

Қорытынды. Тұзды топырақты биоремедиациялау және дәнді дақылдардың өсуін ынталандыру үшін Bacillus firmus №2, Microbacterium ginsengiterrae №4, Brevundimonas nasdae №12, Brevundimonas vesicularis №19 штамдары биопрепарат жасауға ұсынылады.

Опубликован

2025-03-31