МАЙЛЫ ДАҚЫЛ АРЫШТЫҢ (CAMELINA SATIVA L.GRANTS) АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

Авторы

  • Абышева Г. Т. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Мұсынов Қ. М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Әбдукерім Р. Ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Түменбаева Н. Т. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.1(120).1597

Ключевые слова:

Camelina sativa (L.) Crantz; Perenospora camelinae Gӓum; Albugo candida (Pers.) O.Kuntze; Экстрасол; Пиктор; Фунгицид; Биологиялық препарат.

Аннотация

Солтүстік Қазақстанның қара топырағында өсірілген майлы дақыл арыштың танаптарында саңырауқұлақ тектес ауру түрлері ақ тат (Albugo candida (Pers.) O.Kuntze) және жалған ақ ұнтақ (Perenospora camelinae Gӓum) анықталды. 2018-2020 жылдары жалған ақ ұнтақ пен ақ таттың дамуы 8,0%-17,0%-ды көрсетті. Сонымен қатар ауру қоздырғыштарына қарсы қолданылған Экс- трасол 2 л/га биологиялық препараты мен Пиктор, 40% к.с 0,5 л/г фунгицидтік препаратының тиімділігі зерттелді. Жалған ақ ұнтаққа (Perenospora camelinae Gӓum) қарсы қолданылған Экстрасол 2 л/га биологиялық препаратының биологиялық тиімділігі 52,5%, ал Пиктор, 40% к.с 0,5 л/га химиялық препаратының биологиялық тиімділігі 70,0%, ақ татқа (Albugo candida (Pers.) O.Kuntze) қарсы қолданылған Экстрасол 2 л/га биологиялық препаратының биологиялық тиімділігі 49,6%, ал Пиктор, 40% к.с 0,5 л/га химиялық препаратының биологиялық тиімділігі 69,3% болды. 

Опубликован

2024-03-26