МАЙЛЫ ДАҚЫЛ АРЫШТЫҢ (CAMELINA SATIVA L.GRANTS) АУРУЛАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.1(120).1597Ключевые слова:
Camelina sativa (L.) Crantz; Perenospora camelinae Gӓum; Albugo candida (Pers.) O.Kuntze; Экстрасол; Пиктор; Фунгицид; Биологиялық препарат.Аннотация
Солтүстік Қазақстанның қара топырағында өсірілген майлы дақыл арыштың танаптарында саңырауқұлақ тектес ауру түрлері ақ тат (Albugo candida (Pers.) O.Kuntze) және жалған ақ ұнтақ (Perenospora camelinae Gӓum) анықталды. 2018-2020 жылдары жалған ақ ұнтақ пен ақ таттың дамуы 8,0%-17,0%-ды көрсетті. Сонымен қатар ауру қоздырғыштарына қарсы қолданылған Экс- трасол 2 л/га биологиялық препараты мен Пиктор, 40% к.с 0,5 л/г фунгицидтік препаратының тиімділігі зерттелді. Жалған ақ ұнтаққа (Perenospora camelinae Gӓum) қарсы қолданылған Экстрасол 2 л/га биологиялық препаратының биологиялық тиімділігі 52,5%, ал Пиктор, 40% к.с 0,5 л/га химиялық препаратының биологиялық тиімділігі 70,0%, ақ татқа (Albugo candida (Pers.) O.Kuntze) қарсы қолданылған Экстрасол 2 л/га биологиялық препаратының биологиялық тиімділігі 49,6%, ал Пиктор, 40% к.с 0,5 л/га химиялық препаратының биологиялық тиімділігі 69,3% болды.