«ЕРТІС ОРМАНЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНДА PINUS SYLVESTRIS L. ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ЭКТОМИКОРИЗАЛАРЫН ӘРТҮРЛІ ӘДІСТЕРМЕН ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ

Авторы

  • Нурлаби А. Е. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Сарсекова Д. Н. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Тоқтасынов Ж. Н. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1493

Ключевые слова:

эктомикориза; микомицеттер; кәдімгі қарағай; идентификациялау; симбиоз

Аннотация

Мақалада Ертіс өңірі жолақ ормандары жағдайында кәдімгі қарағайдың эктомикоризасын әртүрлі әдістермен идентификациялау мәселелері қарастырылған. Зерттеулер нысаны «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қарағай алқаағаштары болып табылды. Зерттеулер жүргізу үшін маршруттық және стационарлық әдістемелер қолданды. Сынақ алаңшалары негізінен таза қарағай алқаағаштарында салынды, кейбірінде бірен-саран қайың немесе көк терек кездеседі. Жиналған жеміс денелері түрлерін анықтау кезінде қол жетімді идентификаторларды және «Indexfungorum» ресурсын, сондай-ақ «Mycobank», «Colour Atlas of Ectomycorrhizas» пайдалана отырып, стандартты саңырауқұлақтар анықтағыштары қолданылды. Сонымен қатар, әдеттегі әдістер қолданып идентикациялау кезінде қиындық тудырған түрлерді ДНҚ арқылы анықтадық.
Жинақталған макромицеттерінің ДНҚ-ны «Quiagen» идентификаторының стандарттық жиынтығын пайдалану арқылы анықталды. Жалпы және түрлік таксондарға дейін эктомикоризальды саңырауқұлақтарды анықтау Genbank ашық дерекқорындағы анықтамалық тізбектермен салыстыру арқылы BlastN алгоритмі арқылы жүзеге асырылды, ITS аймақтары үшін белгіленген төменгі шекті саңырауқұлақ ДНҚ рибосомалық гендерін ескере отырып, 97-98% сәйкестікті көрсеткен нәтижелерді алдық. Орман табиғи резерваты аумағында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде аталған әдістеме көмегімен анықталған макромицеттер 24 түрді құрады. Отандық зерттеу жұмыстарын қорытындылай келе, қылқан жапырақты ағаштардың микобиота алуантүрлілігі мен олардың микоризалық байланыс құруы туралы ақпараттардың аздығын көрсетті.
Осыған байланысты, 2021-2023 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстары «Ертіс орманы» резерватында қарағай өсіп тұрған орман экожүйелерін қамтып, микоризалық саңырауқұлақтардың алуантүрлілігін, сонымен қатар заманауи әдістермен анықтап сипаттау болып табылады.
Барлық идентификациялған саңырауқұлақ эктомикоризалалы зат алмасу процестеріне белсенді қатынасады, Ертіс өңірінің жазда құрғақ, қыста ауаның өте төмен температурасымен ерекшеленетін жағдайында, қарағай алқаағаштарының тұрақты дамуына септігін тігізеді.

Опубликован

2023-09-28