ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА АСТЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖҮГЕРІ БУДАНДАРЫН ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1485Ключевые слова:
суармалы егіншілік; жүгері; будан; өсіру технологиясы; No-Till технология; фотосинтез; өнімділікАннотация
Астықтық жүгері басқа дәнді дақылдарға қарағанда өсіру жағдайларына талабы жоғары. Оның таралу аймағы дәнді дақылдарға қарағанда анағұрлым аз, басқа дәнді дақылдармен салыстырғанда жүгері дақылы ішкі аймақтық нарығының тек өңіраралық емес, сонымен қатар мемлекетаралық қатынастардың дамуына да тәуелді. Дәндік жүгері өсірудің жергілікті сипаты топырақ-климаттық жағдайлары жағынан ең қолайлы аймақтарда барынша шоғырландыруды қажет етеді. Еліміздің қажеттілігін жүгері дәнімен сенімді қамтамасыз етудің маңыздылығы мен көптеген ұйымдық-экономикалық мәселелерінің шешілмеуі жүгері шаруашылығының тиімді жұмыс істеуі бойынша кешенді зерттеулердің маңыздылығын арттырады. Біздің мақсатымыз аймақтың топырақ-климаттық жағдайында байланысты мол өнім алуды қамтамасыз ететін өсіру технологияларын әзірлеу және жоғары өнімді ауыл шаруашылығы дақылдарын көшіру және бейімдеу. Жүгері дақылын өсіру технологиялары бойынша Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік-демонстрациялық егістігінде 2 тәжірибе қойылды. Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайында астықтық жүгері будандарын өсіру технологиялары және 5 елдің орташа пісетін, орта кеш және кеш пісетін топтарындағы жүгерілердің ең жақсы сорттары мен будандарын зерттеу мәліметтері Франция, Молдова, Венгрия, Украина және Қазақстан селекцияларынан келтірілді. Дәстүрлі өсіру технологиясы бойынша астық өнімділігі Порумбень 458МВ буданынан 120,2 ц/га, ал нөлдік технологиямен өсірілген бірақ жаңбырлатып суарылған егістіктен 130,0 ц/га өнім алынды. Дәстүрлі өсіру технологиясы бойынша астық өнімділігі LG 305.00 буданында 150,0 ц/га, ал нөлдік технологиямен өсірілген және жаңбырлатып суарылған егістікте 160,0 ц/га құрады. Біздің зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша ең жоғарғы өнімділік No-Till технологиясымен жаңбырлатып суару арқылы өсірілген нұсқада LG 30500 буданында - 160,0 ц/га құрады.