ФОТОСИНТЕТИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ БИОМЕТРИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ ӘРТҮРЛІ МАЙБҰРШАҚ СОРТТАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕРІ

Авторы

  • Кипшакбаева Г. А. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Әшірбекова І. Ә. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Тлеулина З. Т. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Амантаев Б. О. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Кипшакбаева А. А. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Кадринов М. Х. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1449

Ключевые слова:

майбұршақ; сорт; гүлдену; тұқымның толысуы; фотосинтез қарқындылығы; жапырақ ауданы; фотосинтез

Аннотация

Фотосинтез, органикалық қосылыстар түзілетін процессте өсімдіктердің өнімділігін анықтайды. Фотосинтетикалық аппараттың құрылымдық ұйымы қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына сәйкес өзін-өзі реттеуге және бейімделгіш қайта құруға қабілетті екені белгілі. Зерттеу жұмысының мақсаты Солтүстік Қазақстанның құрғақ жағдайында шығу тегі әртүрлі майбұршақ сорттарының фотосинтездік белсенділігінің ерекшеліктерін зерттеу болды. Зерттеулер жалпы қабылданған зерттеу әдістеріне сәйкес жүргізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дақылдың вегетациялық кезеңінің басында биомассаның өсуі баяу жүріп, содан кейін өсу қарқыны артады, фотосинтетикалық белсенділіктің және биометриялық көрсеткіштердің максималды мәндері дақылдың өсіп-дамуының екінші жартысында байқалады. Бұл тенденция барлық зерттелген майбұршақ сорттарында әртүрлі градацияларда байқалады. Бұл, ең алдымен, метеорологиялық жағдайларға байланысты (жауын-шашынның болмауы және жоғары температуралық фон) өсу процестеріне, әсіресе вегетациялық кезеңнің бірінші жартысында қатты әсер етті. Майбұршақ сорттарының даму фазасындағы гидротермиялық коэффициент 0,4-тен 0,7-ге дейін өзгерді, өз кезегінде фотосинтетикалық белсенділік элементтерінің қалыптасуына және зерттелетін майбұршақ сорттарының биометриялық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етті.

Опубликован

2023-09-28