САУЫН СИЫР ӨНІМДІЛІГІНІҢ АЗЫҚТАНДЫРУ РАЦИОНЫ ПАРАМЕТРЛЕРІМЕН БАЙЛАНЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1444Ключевые слова:
сиыр; азықтандыру; рацион; премикс; конверсияАннотация
Сауын сиырлар сүт өнімділігі азықтандыру рационының қоректік көрсеткіштерімен тығыз байланыста өзгереді. Рацион өнімдік потенциалын
көтеріп, сиыр сүттілігін арттыратын азықтық қосындыларға цеолиттер жатады. Ғылыми-шаруашылық тәжірибеде сауын сиырлар рационына
қосылған цеолитті-хлореллалы премикс рацион минералдық-дәрумендік қоректілігін көтеріп, цеолиттердің селективті абсорбциялық және
ионалмастырушы қасиеттерінің арқасында, месқарындағы микробиологиялық үдерісті бағытты өрістетті. Қосындының месқарын сұйығының пәрменді қышқылдығын рН = 6,14-тен 6,17-ге жылжытуы,
ондағы микроэкожүйе дамуын өрістетіп, бақылау тобымен салыстырғанда, инфузорилар санының - 41,1 мың/мл-ге көбейіп, ұшпалы май қышқылдарының көлемін - 0,79 мМоль/100мл-ге молайтты. Азотты заттар
амиагының цеолит кристаллдарында адсорбциялануынан құнды микробтық ақуыздар түзілуі - 7,3% жоғарылап, азық құрғақ затының желінуін - 0,6±0,03 кг, тәуліктік сүт сауымы - 0,8±0,04 кг-ға молайды. Сүт құрамындағы ақуыздардың - 0,13%, майының 0,16% ұлғайуы азық құрғақ заты, алмасу
энергиясы мен протеинінің конверсиялануын жақсартты. Корреляциялық талдау сиыр сүттілігі мен азықтандырудың бұл параметрлерімен өзара
байланысын көрсетті.