ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ҚЫШҚЫЛДЫ ХИТИНАЗА ГЕНДЕРІН ГЕНОТИПТЕУ ҮШІН ASQ ТЕХНОЛОГИЯСЫН АПРОБАЦИЯЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1435Ключевые слова:
Allele-specific q-PCR; SNP – генотиптеу; әмбебап зонд; флуоресцентті бояғыштар; сөндіргіштер; қант қызылшасыАннотация
Қазақстанның қызылша егетін өңірлерінде қант қызылшасын тұрақты өсіруге байланысты тамыр шірік ауруын тудыратын патогендік микроорганизмдердің жинақталуымен топырақтың жоғары инфекциялануы
байқалады. Бұл мәселенің шешімі Fusarium саңырауқұлақтарынан туындаған тамыр шірік ауруына төзімді қант қызылшасының жаңа будандарын алу және енгізу болып табылады. Тамыр шірік ауруына төзімді генотиптерді таңдау мәселелерін шешу үшін қант қызылшасының селекциялық процесіне жоғары
тиімді ДНҚ маркерлерін енгізу маңызды. Осы ғылыми зерттеу жұмысының барысында қант қызылшасы үлгілерінің тамыр шірік ауруына төзімділігін
анықтау мақсатында ASQ технологиясы бойынша аллельге тән полимеразды тізбектік реакциясын апробациялау жүргізілді. Бұл генотиптеу әдісі
өсімдіктердің тәжірибелік селекциясында қолдануға өте қолайлы, қарапайым, қаражат жағынан қол жетімді болып табылады. Зерттеу жұмысында қант
қызылшасының қышқылды хитиназа гендерімен байланысты тамырдың шірік ауруына төзімділігін анықтайтын SNP (Single Nucleotide Polymorphism) BvSE2, BvSP2 молекулярлық маркерлері пайдаланылды. Зерттеу нысаны ретінде «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қант
қызылшасының жұмыс коллекциясының 28 үлгісі алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша BvSE2 маркері үшін оңтайлы полимераздық тізбектік реакция құрамы
мен режимі анықталып, гомозиготалы төзімді aa аллельді – 23 үлгі, гомозиготалы төзімсіз bb аллельді – 4 үлгі, гетерозиготалы ab – 1 үлгі анықталды. BvSP2 молекулярлық маркері үшін әліде болса полимераздық тізбектік реакцияны оңтайландыруды қажет етеді. BvSE2 гені бойынша алынған оңтайландыру нәтижелерін қант қызылшасының тәжірибелік селекциясында тамыр шірік ауруына төзімділігін жаппай генотиптеу үшін қолдануға болады.