АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫНЫҢ ДЕФОРМАЦИЯСЫНДАҒЫ ГЕОМОНИТОРИНГТІҢ РӨЛІ

Авторы

  • Қуанышбек Т. К. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Толеубекова Ж. З. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Игильманов А. А. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Куанышбекова А. А. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Игильман А. К. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Бердижаров Б.Е. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1354

Ключевые слова:

геомониторинг; деформация; ығысу; шөгуі; топырақтың геомеханикалық қасиеттері; құрылымның вертикалды жазықтықтан ауытқуы; координаталық әдіс.

Аннотация

Ауыл шаруашылығында жерді пайдалану деп өндіріс шығындарын азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға, егістік жұмыстарын оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізуге, жермен тығыз байланысты жер массивтерінің, сондай-ақ өндіріс құралдарының көлемі мен орналасуы түсіндіріледі. Ауыл шаруашылық нысандарын қауіпсіз пайдалануы олардың деформациясын кезеңдік бақылауын талап етеді. Нысандардың деформациясын бақылау өлшеу аспаптарын және жоғары дәлдікті геодезиялық әдістерді қолданудың бір саласы болып табылады. Қазіргі кезде геодезиялық тәжірибеде деформациялық үрдістерді бақылаудың жаңа технологияларын қолдану қалыпты болып табылуда. Сонымен қатар өлшенген мәндерді өңдеу және оларды көрсету үшін әр түрлі бағдарламалық кешендер қолданылады. Зерттеу мақсаты – апат жағдайларды дер кезінде алдын алу үшін құрылыс және пайдалану үрдісі кезінде нысандардың геомониторинг ерекшеліктерін анықтау. Мақалада тұрақсыз топырақтарда тұрғызылған нысандардың геодезиялық бақылау сұрағы қарастырылады. Бақылау заманауи геодезиялық жабдықтар көмегімен жүзеге асырылды. Негізгі көңіл нысандардың деформациясын геодезиялық әдістермен анықтауға бөлінген. Мақалада геотехникалық үрдістер мен нысан шөгуі арасындағы байланыстың бірнеше мысалдары көрсетілген, сонымен қатар нысандардың геодезиялық бақылауының нәтижелері талданған.

Опубликован

2023-03-27