АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОРМАН УЧАСКЕЛЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ БАҒАЛАУ

Авторы

  • Нурпеисов М. Н. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Бейсенбай А. Б. Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты
  • Карбозов Т. Е. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Филиппова Т. А. П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті (Омбы қ., Ресей)
  • Рахимжанов А. Н. Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты https://orcid.org/0000-0001-6287-8220
  • Кириллов В. Ю. Ә.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты https://orcid.org/0000-0001-8056-4073

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1328

Ключевые слова:

орман алқаптары; орманды ұтымды пайдалану; тез өсетін плантациялар; EX-ACT; көміртегі пайдасын бағалау; таза көміртегі балансы.

Аннотация

Орман қоры жерлерінің құрамында орман учаскелерін пайдалану тиімділігін объективті және сандық бағалау орман қоры жерлерін басқарудың қазіргі жүйесін түсінуде маңызды. Климаттың өзгеру мәселелері көптеген мемлекеттерде жоғары деңгейінде айтылуда. Орман алқаптарын пайдалану кезінде парниктік газдар шығарындылары мен көміртекті сіңіру деңгейін ескеру қажет. EX-ACT (Ex-ante Carbon-balance Tool) әдісін қолдана отырып, тез өсетін терек плантацияларын өсіру мысалында көміртегі пайдасын бағалау жүргізілді. Бұл тез өсетін ағаш түрлерінің плантацияларын құру тек «жылдам» сүрекдің алуға ғана емес, сонымен қатар көміртегі қорын арттыруға үлес қосуға мүмкіндік беретіндігін растады. «Парниктік газдар шығарындылары мен көміртекті сіңіру деңгейі» критерийі орман учаскелерін ұтымды пайдалануды бағалау әдістемесін жетілдіру кезінде орманды ұтымды пайдалану көрсеткіштеріне міндетті түрде енгізілуі тиіс.

Опубликован

2023-03-27