АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА РАПС ЕГІСТІКТЕРІНДЕ ҚЫРЫҚҚАБАТ КҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ МЕН ТАРАЛУЫ

Авторы

  • Исмаилова А. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Байбусенов К. С. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Нургазиев Р. Е. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1323

Ключевые слова:

рапс; қырыққабат күйесі; фенология; сандық динамика; химиялық заттар; инсектицидтер; зияндылық.

Аннотация

Мақалада «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-гі жағдайында рапс егістіктерінде қырыққабат күйесінің дамуы мен таралуының зерттеу нәтижелері келтірілген. «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС жағдайында фенологиялық бақылаулардың нәтижелері бойынша қырыққабат күйесі 2021 жылы екі ұрпақта, 2022 жылы үш ұрпақта дамыды. Рапс егістіктерінде қырыққабат күйе жұлдызқұрттарының зияндылығы жапырақтар мен бүйірлік өсінділердің даму кезеңінен бастап, дақылдың пісу кезеңіне дейін жалғасты.Рапс өсімідігі өсіп-дамыған сайын қырыққабат күйе жұлдызқұрттарының зияндылығы әртүрлі денгейде болды, бірақ аса төмен болу кезендер байқалмады – 85-93% аралығында ауытқып тұрды. Зерттеу жұмысы жоспарына сәйкес, химиялық препараттармен - инсектицидтермен екі рет өндеу жұмыстары жүргізілді: біріншісі 4 жапырақ розетка фазасында бүрку- зиянкестер кешеніне қарсы,оның ішінде, қырыққабат күйесіне, микротыңайтқыш қосылған - Заря, с.к. (д.в.: имидаклоприд, 150 г/л + лямбда-цигалотрин, 50 г/л) + ГросФосфито - LNPK (Азот N + Фосфор (фосфит) P2O5 + Калий K2O + бос аминқышқылдары) – шығын мөлшері - 0,5 + 2,0 г/л; екіншісі - бүршіктенудің басында зиянкестер кешеніне қарсы бүрку, оның ішінде қырыққабат күйесіне - Лятрин, э.к. (д.в.: лямбда-цигалотрин, 50 г/л), шығын мөлшері - 0,15 г/л.

Опубликован

2023-03-27