ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ СЕБУ МЕРЗІМІ МЕН МӨЛШЕРІНЕ ЖƏНЕ ҚОРЕКТЕНДІРУ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БИОМАССА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1317Ключевые слова:
жаздық жұмсақ бидай; сорт; биомасса; өсіп-даму кезеңдері; өнімнің құрылымдық элементтері; биометрия; корреляция.Аннотация
Бидай дақылының тіршілігінде жапырақ, сабақ, масақ және тамыр массасының өсіп-дамуы маңызды роль атқарады. Оның көлемі болашақ өнім құрылымы мен сапасын анықтайды. Сондықтан, танаптық зерттеу жұмыстары жаздық жұмсақ бидай сорттарының биомасса қалыптастыру сипатын, оларға агротехникалық шаралардың әсері мен сорттар арасындағы ерекшеліктерді анықтауға бағытталды. Бидай дақылының жапырақ массасының максимум деңгейі масақтану кезеңіне, ал жалпы құрғақ биомассаның максимум деңгейі балауызданып пісу кезеңіне сәйкес келді. Биомасса қалыптастыру ерекшеліктері бойынша жаздық бидай сорттарында (Айна, Гранни және Шортандинская 2012) генотиптік өзгешеліктер ± 24,78 пайызға дейін ауытқыды және түзілетін өнім деңгейіне жоғары корреляциялық байланыстың болуымен (P < 0,05, r =0,52-0,94) ерекшеленеді. Жаздық жұмсақ бидай сорттары қалыптастырған биомасса өнімнің құрылымдық элементтерінің салмақтық өлшемдеріне тығыз корреляциялық байланыстың болуымен (1 масақтағы дән массасы P < 0,05, r = 0,51-0,85 және 1000 дәннің массасы P < 0,05, r = 0,4-0,57), ал сандық көрсеткіштеріне (өсімдік биіктігі - r = -0,19-+0,17; өнімді түптенуі - r=-0,12 +0,24; масақ ұзындығы - r=0,12-0,24) әлсіз тәуелділіктің болуымен сипатталды. Жаздық бидайдың орта мерзімде пісетін сорттарының биомасса қалыптастыру деңгейі ауа-райына, қолданылған агротехникалық шаралар мен қоректену жағдайына тікелей тәуелді болып келеді. Ылғалды жылы жаздық бидайдың орта мерзімде пісетін сорттарын ерте мерзімде (Орталық Қазақстан өңірі үшін 15 мамыр), жоғары мөлшермен сеуіп, кешенді тыңайтқышты енгізгенде (Айна - 7258 кг/га, Грани -7903 кг/га, Шортандинская 2012 - 7406 кг/га) максималды биомасса қалыптастырады, ал құрғақшылық жылдары орта және кеш мерзімде (Орталық Қазақстан өңірі үшін 20 мамыр), ұсынылған мөлшердің минимальды немесе орта мөлшерімен сеуіп, тек фосфор тыңайтқышын енгізгенде максималды мол биомасса (4258-4915 кг/га) түзеді.