ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРІНДЕГІ ТОПЫРАҚТЫҢ ТҰЗДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ (МЫРЗАШӨЛ СУАРМАЛЫ АЛҚАБЫ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1314Ключевые слова:
Мырзашөл суармалы алқабы; суармалы жерлер; су жүйелері; жер асты суы; тұздану; деградацияАннотация
Мақалада 1995-2022 жылдар аралығындағы көп жылдық далалық зерттеу мен зертханалық талдау жұмыстарының негізінде Орталық Азияда орналасқан әлемдегі ең ірі тарихи шөлейттену мен тұздану үрдістеріне ұшыраған Мырзашөл (Голодная степь) суармалы алқабының қазақстандық бөлігіндегі топырақтың тұздану мәселелеріне талдау жасалынды.
Соңғы 20-25 жыл ішінде алқаптағы топырақтың тұздану деңгейі жоғары қарқынмен өсуде. 1995 жылы Мырзашөл суармалы алқабындағы топырақтың 25,4 % (31,8 мың га) орташа және күшті тұзданған болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай өсіп 38 % (54,5 мың га) құраған. Суармалы алқаптағы топырақтың тұздану дәрежесінің мұндай жоғары қарқындылығы аумақтағы суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауы, дренаждық жүйелердің істен шығуы мен кәріздік-қашыртқы жүйелерінің дұрыс жұмыс жасамауының нәтижесінде жер асты суының деңгейі 2 м немесе шектен тыс жоғары деңгейге көтерілуімен байланысты болып отыр. 2022 жылы Мырзашөл суармалы алқабындағы егістік жерлерінің (14 249 га) 9,7 % -да жер асты суының деңгейі 2 м дейін көтерілген, ал 1994 жылы бұл көрсеткіш (7 897 га) тек 6,2 % ғана құраған. Сонымен қатар, зерттеу аумағындағы жер асты суы деңгейінің көтерілуі осы аймақтағы топырақ жамылғысының сүзу қабілетінің әлсіз болуына да байланысты екендігі анықталды.