ТОПЫРАҚ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ҚЫШАНЫҢ ПРОФИ СОРТЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1310Ключевые слова:
қыша; Профи сорты; жылжымалы фосфор; азотты тыңайтқыштар; фосфорлы тыңайтқыштар; оңтүстік қара топырақ; өнімділікАннотация
Жұмыста алғаш рет дала аймағының оңтүстік қара топырақтарында минералды қоректену жағдайлары мен азотты-фосфорлы тыңайтқыштардың қышаның Профи сортының өнімділігі мен сапасына әсерін анықтау бойынша жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылды. Тәжірибе танабы құрамында 3,8% қарашірік, 0,25-0,30% жалпы азот, 10-11 мг/кг нитратты азот, 15-20 мг/кг жылжымалы фосфор, 35-50 мг/100 г алмасалы калий бар. Топырақ ерітіндісінің реакциясы 8,0-8,1. Тәжірибеде фосфорлы тыңайтқыштардың тиімділігі топырақтағы жылжымалы фосфордың 0-20 см қабатындағы бастапқы құрамына байланысты болды: бақылау нұсқаларымен салыстырғанда ең жоғары өсім сәйкесінше 31,7 және 32 мг/кг деңгейінде қалыптасты. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, Профи сорты топырақтың негізгі қоректік заттарына деген талабының жоғарылылығы. Тәжірибе топырақтағы P2O5 мөлшерінің жоғарылауымен қыша дақылының өнімділігі 3,4-тен 6,6 ц/га-ға дейін өсенін көрсетті. Топырақтағы жылжымалы фосфордың мөлшері мен қышаның Профи сортының өнімділігі арасында фосфор тапшылығын дәл анықтауға мүмкіндік беретін күшті корреляциялық байланыс бар. Топырақтағы фосфордың оңтайлы мөлшерін анықтау дақылдан алынатын жоғары өнімге кепілдік береді және жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді.