АСПАН ДЕНЕЛЕРІ ЖҮЙЕСІНІҢ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ЭНЕРГИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1299Ключевые слова:
гравитациялық өріс; кернеулік; потенциал; гравитациялық энергия; байланыс энергиясы.Аннотация
Мақалада аспан денелері жүйесінің гравитациялық өрісінің сипаттамалары қарастырылған. Гравитациялық өрісті сипаттайтын кернеулік және потенциал ұғымдары ашылған. Нүктелік массаның центрлік өрісі қарастырылды және оның сипаттамалары берілді. Аспан денелерінің және нүктелік массаның гравитациялық өрістерінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар салыстыру әдісі арқылы зерттелді. Бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан денелердің кез-келген жүйесі үшін олардың гравитациялық энергия теріс шамаға тең болатыны дәлелденді. Жүйенің жалпы энергиясы - гравитациялық және кинетикалық энергияның қосындысына тең тұрақты шамаға тең болатыны дәлелденді. Оқшауланған жүйе жасайтын денелердің гравитациялық энергия немесе байланыс энергиясының заңдылықтары зерделенді. Материалдық нүкте жүйесінің және тығыздығы тұрақты шар тәрізді аспан денесінің гравитациялық энергиясының теңдеулері қорытылып шығарылды. Күн жүйесі және оны құрайтын аспан денелерінің гравитациялық энергиясы зерттелді.