ҚОР САҚТАУШЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ӨСІРІЛГЕН КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ФОТОСИНТЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДІЛІГІ

күздік бидай; сорт; фотосинтез; тыңайтқыш; өнімділік;(ФЕР) фотосинтетикалық екпінді радияция.

Авторы

  • Жапаев Р. Қ. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
  • Құныпияева Г. Т. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
  • Сулейменова М. Ш. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
  • Оспанбаев Ж. О. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
  • Елназарқызы Р. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Сембаева А. С. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1241

Ключевые слова:

күздік бидай; сорт; фотосинтез; тыңайтқыш; өнімділік;(ФЕР) фотосинтетикалық екпінді радияция.

Аннотация

Зерттелген мəліметтер бойынша, ресурсүнемдеуші технологияларда күздік бидай егістігінде минералды тыңайтқыштарды рационалды қолдану ресурс үнемдеуші технологияларда суарылатын ашық қоңыр топырақта оның фотосинтетикалық әрекеттілігіне айтарлықтай оң əсер еткені байқалды. Суармалы жағдайда күздік бидайдың қор сақтаушы технолгиямен өсірілген интенсивті типтегі сорттарының фотосинтетикалық қызметін зерттеу өсімдіктің өнімділік процесін мақсатты түрде басқарып, жоғары әрі қалыпты өнім алуға мүмкіндік берді. Ресурс үнемдеуші технологиямен өсірілген дақылдарға минералды тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшерін беру өсімдіктерге ылғалды тиімді қолдануға және жапырақ аппаратының жоғары қалыптасуына мүмкіндік беретін физиологиялық процесске себепші болады. Яғни күздік бидайдың интенсивті сорттарының фотосинтетикалық қызметін зерттеу -өсімдіктің өнімділік процесін мақсатты түрде басқарып, жоғары әрі қалыпты өнім алуға мүмкіндік берді. Өнімділігі бойынша ерекшеленетін күздік бидай сорттарын еліміздегі тауар өндірушілерге өндіріске ендірулеріне ұсыныс береміз.

Опубликован

2022-12-21