ҚОР САҚТАУШЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ӨСІРІЛГЕН КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ФОТОСИНТЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДІЛІГІ
күздік бидай; сорт; фотосинтез; тыңайтқыш; өнімділік; (ФЕР) фотосинтетикалық екпінді радияция.
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1241Ключевые слова:
күздік бидай; сорт; фотосинтез; тыңайтқыш; өнімділік;(ФЕР) фотосинтетикалық екпінді радияция.Аннотация
Зерттелген мəліметтер бойынша, ресурсүнемдеуші технологияларда күздік бидай егістігінде минералды тыңайтқыштарды рационалды қолдану ресурсүнемдеуші технологияларда суарылатын ашық қоңыр топырақта оның фотосинтетикалық әрекеттілігіне айтарлықтай оң əсер еткені байқалды. Суармалы жағдайда күздік бидайдың қор сақтаушы технолгиямен өсірілген интенсивті типтегі сорттарының фотосинтетикалық қызметін зерттеу өсімдіктің өнімділік процесін мақсатты түрде басқарып, жоғары әрі қалыпты өнім алуға мүмкіндік берді. Ресурсүнемдеуші технологиямен өсірілген дақылдарға минералды тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшерін беру өсімдіктерге ылғалды тиімді қолдануға және жапырақ аппаратының жоғары қалыптасуына мүмкіндік беретін физиологиялы процесске себепші болады. Яғни күздік бидайдың интенсивті сорттарының фотосинтетикалық қызметін зерттеу -өсімдіктің өнімділік процесін мақсатты түрде басқарып, жоғары әрі қалыпты өнім алуға мүмкіндік берді. Өнімділігі бойынша ерекшеленетін күздік бидай сорттарын еліміздегі тауар өндірушілерге өндіріске ендірулерін ұсыныс береміз.