ТҰҚЫНЫҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ-ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Авторы

  • Асылбекова А.С. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Баринова Г.К. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Аубакирова Г.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Мусина А. Д. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1164

Ключевые слова:

тұқы; Қарағанды балық питомнигі; молекулалық- генетикалық талдау; микросателлиттік локус; ДНҚ; праймер

Аннотация

Біздің елімізде балықтардың популяциясын молекулалық-генетикалық деңгейде зерттеу бастапқы кезеңде. Құнды балық түрлерінің ядролық микросателлиттік ДНҚ-маркерлері бойынша қалыптастырылатын деректер базасы жобаны орындау нәтижесінде балықтардың генетикалық полиморфизмі
туралы деректерді және жасанды түрде молайту үшін жаңа биотехнологиялық тәсілдерді құру мүмкіндігін ұсынады. Молекулалық-генетикалық зерттеу
жүргізу мақсатында Қарағанды балық питомнигінен тұқы балық отырғызу материалының үлгілері алынды. Сынамалар тірі балықтардың кеуде қанатының
фрагментін кесу арқылы алынды және 96% этил спиртінде бекітілді. Тұқының микросателлиттік локустарының аллельдік полиморфизмін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді. Сыналған микросателлиттік праймерлердің ішінен
полиморфты болып келесі бес жұп анықталды: Cca30, Koi49-50, Koi75-76, Hlj1080, Hlj1123. Тұқының генетикалық әртүрлілігін зерттеу үшін
олигонуклеотидті праймерлер талданды және таңдалды. Қарағанды балық питомнигіндегі тұқы балық отырғызу материалынан ДНҚ бөлініп тазартылды,
оның сапасы агарозды гельмен электрофорезде тексерілді. Зерттеу нәтижесі бойынша тұқыға генетикалық талдау жасау үшін полиморфты локустар панелі, сонымен қатар микросателлиттік аллельдердің өлшемі мен кездесу жиілігі анықталды. ҒЗЖ-ның техникалық-экономикалық деңгейін осы саладағы үздік
жетістіктермен салыстыру нәтижесінде молекулалық-генетикалық әдістерді пайдалана отырып, балықтардың шаруашылық маңызы бар түрлерінің гендік қорын зерттеу балық шаруашылығын дамытудың маңызды міндеттерінің бірі
болып табылатыны анықталды. ДНҚ тізбегін талдау, микросателлиттік локустардың аллельді полиморфизмі негізінде популяциялардың генетикалық
құрылымын зерттеп, аквакультурада жасанды балық өсірудің дамуына ықпал етуге болады.

Опубликован

2022-09-01