ДӘНДІ-БҰРШАҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ ГЕНОТИПТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҚ ҚҰНДЫ БЕЛГІЛЕРІНЕ БАҒА БЕРУ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1108Ключевые слова:
генофонд; селекция; дәнді-бұршақ дақылдары; сұрып; шаруашылықтық құнды белгілер; өнімділік; вегетациялық кезең.Аннотация
Бұл мақалада «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-нің Ақмола облысы жағдайында 2015-2017 жылдар аралығында, асбұршақ пен жасымық бойынша жүргізілген селекциялық жұмыстардың негізгі нәтижелері көрсетілген. Жүргізілген агротехникалық шаралар облыс жағдайына сәйкес қабылданып жүргізілген. Алғы дақыл – сүрі танап. Зерттеу кезеңінде
ылғалдың жеткіліксіздігі, күндізгі жоғары және түнгі температураның төмен болуы жасымықтың дамуына кері әсерін тигізді. Алайда асбұршақ өсімдіктері вегетациялық кезеңнің қысқа болуына байланысты жоғары өнімді көрсете алды. Дәнді-бұршақ дақылдардың үлгілерін ұзақ мерзімді салыстырмалы бағалау нәтижесінде, қарама-қарсы гидротермиялық
жағдайлар фонында, ғылыми және шаруашылық тұрғыдан маңызды асбұршақ пен жасымықтың келесідей генотиптері анықталған: пісіп-жетілу
мерзімінің қысқалығы бойынша (жасымық: FLIP 95-34L, Луганчанка; асбұршақ: Колпашевский 11, Л-4-02, УГ 92-1352), бір өсімдіктен ең көп алынған бұршаққап пен тұқымның саны бойынша (жасымық: к-664 и к-468;
асбұршақ: Мультик, Омский неосыпающийся), бір өсімдіктен алынған тұқымның жоғары салмағы бойынша (жасымық: Джанша, Нива-95; асбұршақ: Орпела), жоғары өнімділігі юойынша (жасымық: Джанша, Нива-95; асбұршақ: Орпела).