ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРЫНЫҢ ЕТТІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ТІРІЛЕЙ КЕЗІНДЕ БАҒАЛАУ

Авторы

  • Ускенов Р. Б. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Бостанова С. К. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Аққаир Б. Ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Исабекова С. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Нәсір Ж. Қ. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1095

Ключевые слова:

казахская белоголовая порода; УЗИ (ультразвуковое исследование); толщина жира в спине; площадь мышечного глазка; среднесуточный прирост; абсолютный прирост; бычки

Аннотация

Бұл мақалада қазақтың ақбас тұқымды бұқашықтарының тірі кезіндегі еттілік қасиеттерін бағалау нәтижелері берілген. Зерттеу жұмыстары
26.10.2021 – 17.02.2022 аралығында Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Новобратское ауылы, «Новобратское и К» ЖШС-де өткізілді. Тәжірибе жүргізу үшін 127 бас 7-10 айлық бұқашықтар іріктелініп алынды. Бағалауға
қойылған бұқашықтардың бастапқы орташа тірілей салмағы 247 кг, бағалау кезеңінің соңында 336 кг құрады және осы кезеңдегі орташа тәуліктік өсім
824,3 г болды. Бағалау кезеңінде арқадағы майдың орташа қалыңдығы 3,11 мм, арқадағы майдың жоғарғы қалыңдығы - 7,57 мм, ал ең төменгі қалыңдығы - 1,67 мм болды. Табын бойынша бұлшықет көзінің орташа
көлемі - 45,95 см2, ал ең жоғарғысы - 70,90 см2 және ең төменгі көлемі - 30,50см2 құрады. Зерттеу барысында бұлшықет мәрмәрлығы бойынша жоғары
баллға (ААА) ие болған 9 бұқашық анықталды.

Опубликован

2022-09-01