ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРЫНЫҢ ЕТТІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ТІРІЛЕЙ КЕЗІНДЕ БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1095Ключевые слова:
қазақтың ақбас тұқымы; УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу); арқадағы майдың қалыңдығы; бұлшықет көзінің көлемі; орташа тәуліктік өсім; абсолюттік өсім; бұқашықтарАннотация
Бұл мақалада қазақтың ақбас тұқымды бұқашықтарының тірі кезіндегі
еттілік қасиеттерін бағалау нәтижелері берілген. Зерттеу жұмыстары
26.10.2021 – 17.02.2022 аралығында Ақмола облысы, Бұланды ауданы,
Новобратское ауылы, «Новобратское и К» ЖШС-де өткізілді. Тәжірибе
жүргізу үшін 127 бас 7-10 айлық бұқашықтар іріктелініп алынды. Бағалауға
қойылған бұқашықтардың бастапқы орташа тірілей салмағы 247 кг, бағалау
кезеңінің соңында 336 кг құрады және осы кезеңдегі орташа тәуліктік өсім
824,3 г болды. Бағалау кезеңінде арқадағы майдың орташа қалыңдығы 3,11
мм, арқадағы майдың жоғарғы қалыңдығы - 7,57 мм, ал ең төменгі
қалыңдығы - 1,67 мм болды. Табын бойынша бұлшықет көзінің орташа
көлемі - 45,95 см2, ал ең жоғарғысы - 70,90 см2 және ең төменгі көлемі - 30,50
см2 құрады. Зерттеу барысында бұлшықет мәрмәрлығы бойынша жоғары
баллға (ААА) ие болған 9 бұқашық анықталды.