ӘР ТҮРЛІ ЖҰМСАҚ БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ ҰНЫ МЕН ДӘНІ ТҮС АЙЫРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҰНЫНЫҢ КҮЛІ ЖӘНЕ КҮШІМЕН БАЙ-ЛАНЫСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).951Ключевые слова:
күлділік; өзгергіштік; корреляция; жұмсақ бидай; ұнның күші; қамырдың пішінсіздену; жұмысы.Аннотация
Зерттеулер "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын технологиялық бағалау және биохимия зертханасында жүргізді. Ақмола облысы жағдайында өсірілген жаздық жұмсақ бидай 19 сортының түс сипаттамасы, астық пен ұнның күлділігі, реологиялық қасиеттерінің эксперименттік деректері келтірілген. Сорттар зерттеуге бидай селекциясы бөлімінен ұсынылған. Сорттардың ұнға тартылу қасиеттері және ұнның сапасын бағалау жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу барысында сараланған сорттардың ұн күлі мен күшіне байланысты ұн мен дән түсінің өзгеру заңдылықтары анықталды. Алынған тәуелділіктерді сипаттайтын корреляциялық байланыстарды салыстыру негізінде жұмсақ бидай ұны мен дәнінің сапасын бағалау үшін көрсеткіштерді таңдау негізделген. Алынған нәтижелер астықтың түсіне, сондай-ақ күлділігі және қамырдың пішінсіздену жұмысына сәйкес жоғары сұрыпты ұнды алуды болжау үшін ғылыми-практикалық негіз болып табылады.