СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ЖАНУАРЛАР МЕН ҚҰСТАРДАН БӨЛІНІП АЛЫНҒАН SALMONELLA SPP. ШТАМДАРЫНЫҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ ТӨЗІМДІДІГІ

Авторы

  • Мендыбаева А.М А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Рыщанова Р.М А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).937

Ключевые слова:

Salmonella enteritidis; Salmonella typhimurium; антибиотикке төзімділік; тамақ қауіпсіздігі; тамақ патогендері; полимеразды тізбекті реакция; тұрақтылық фенотипі.

Аннотация

Сальмонелла-тамақтан шыққан негізгі зоонозды патогенді  қоздырғыштар. Патогендік бактериялардың тұрақты формаларының пайда болуы және таралуы ветеринария мен денсаулық сақтаудың жаһандық мәселе  болып табылады. Осы зерттеу Солтүстік Қазақстан аумағында бөлінген сальмонеллалар штаммдарының антибиотикке төзімділігін зерттеуге бағытталған. Ол үшін ІҚМ, ҰММ, шошқа және тауықтың биологиялық материалынан оқшауланған сальмонеллалар штаммдарының фенотиптік және генотиптік тұрақтылығына талдау жүргізілді. Жұмыста Salmonella тектес микроорганизмдерді бөліп алудын және анықтаудың жалпы қабылданған әдістері қолданылды, оған хромогендік ортаны және классикалық биохимиялық тесттерді қолдану кірді. Микробқа қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу Кирби-Бауэр бойынша диско-диффузды әдіспен жүргізілді. Бактерияға қарсы препараттарға төзімділікті кодтайтын гендерді анықтау полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен жүргізілді. 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 27 сальмонелле изоляты бөлініп, сәйкестендірілді. Изоляттардың басым бөлігі Salmonella enteritidis және Salmonella typhimurium сероварларына тиесілі болды. Бактерияға қарсы препараттарға сезімталдықты тестілеу изоляттардың 96,3% кем дегенде бір препаратқа төзімді екенін көрсетті. Сальмонелла изоляттарының ең көп саны тетрациклин (62,9%), фуразолидон (59,3%), фурадонин (51,8%) және налидикс қышқылы (51,8%) препараттарына төзімділік көрсетті. ПТР әдісімен тестілеу бета-лактамдар, аминогликозидтер, тетрациклиндер, сульфаниламидтер және хинолондар топтарының препараттарына төзімді гендердің болуын көрсетті. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қазақстанның солтүстік аймағының аумағында жануарлар мен құстардан оқшауланған сальмонеллалар штаммдарының резистенттілігі туралы деректер алынды. Алынған деректер бактерияға қарсы препараттарға төзімділіктің жануарларға ғана емес, адамдарға да берілу әлеуетін көрсетеді, сондай-ақ антибиотикке төзімділікке қарсы күрес шараларын күшейту қажеттілігін атап көрсетеді. "Фермадан шанышқыға дейін" барлық кезеңдерде үнемі бақылау бактерияға қарсы препараттарға төзімділіктің таралуын болдырмайды.

Загрузки

Опубликован

2022-03-11