АҚМОЛА ОБЛЫСЫ СУ ҚОЙМАЛАРЫ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН МОНИТОРИНГЛЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).935Ключевые слова:
қауіпсіздік; сапа; балық; су қоймалары; гельминтоздар; бактериоздар.Аннотация
Осы зерттеу жұмысында Ақмола облысының 583 су қоймаларының ішінде балық аулау кәсібі ретінде 337-і (57,8%), пайдаланылатыны анықталды. Негізгі кәсіп көзі саналатын балықтар – тұқы тұқымдастар (сазан, мөңке, тұқы, қаракөз), көксерке, шортан, ақмарқа. Балықтардың сапалық көрсеткіштері нормаға сәйкесетін болды, десе де жекелеген су қоймаларында аэромоноз ауруына тән клиникалық белгілер байқалды (6,6%). Гельминтоздарға зерттеген кезде инвазиялану дәрежелері байқалды: Целиноград ауданына қарасты Қоянды су қоймасынан ауланған мөңке балығынан жекелеген мөлшерде Capillaria spp жұмыртқалары анықталды (ЭИ 12,5%, ИИ 1-2 дана), Аршалы ауданының Кіші Сарыоба көлінен ауланған көксеркеден де Capillaria spp. жұмыртқалары табылды (ЭИ 25%, ал ИИ 1-2 дана); Целиноград ауданы Жарлыкөл су қоймасынан ауланған алабұғада Diplostomum spp. церкарилері анықталды (ЭИ 8,3%, ИИ 28-32 дана); Целиноград ауданына қарасты Майбалық көлінен ауланған торта балығынан Pseudamphistomum tuncatum метацеркарилері табылған (ЭИ 40%, ИИ 1-3 дана). Бурабай ауданының Шабақты көлінен ауланған мөңке балығынан описторх метацеркарилері анықталды ЭИ 11,1% , ИИ 1-2 дана. Қатаркөл көлінен ауланған тыран балығы Posthodiplostomum cuticola және описторх метацеркарилерімен инвазияланған болып шықты ЭИ 14,2%. Пушкар көлінен ауланған күміс тәрізді мөңке балығы описторхтармен инвазияланған осы кезде ЭИ 16,6% құрады.