ЖАЗДЫҚ БИДАЙДЫҢ ҚОҢЫР ТАТ (PUCCINIA RECONDITA) АУРУЫНА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГІ 2019-2021

Авторы

  • Кеишилов Ж.С Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты
  • Кохметова А.М Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты
  • Кумарбаева M.Т Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты
  • Болатбекова А.А Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты
  • Малышева А.А Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
  • Кохметова А.М Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).930

Ключевые слова:

бидай; сорт; патоген; қоңыр тат; төзімді; фитопатология; эпифитотия

Аннотация

Бидай егістік алқаптарында қоңыр тат ауруының төзімділігін зерттеу Қазақстан және дүние жүзі мемлекеттері бойынша маңызды мәселелердің біріне айналған. Қоңыр тат ауруы (P. Recondita) бидайдың ең қауіпті ауруларының біріне жатады, бидай өнімділігіне айтарлықтай үлкен экономикалық шығын əкеледі. Қоңыр тат ауруы инфекциясының қоздырғышы Puccinia triticiana саңырауқұлағы түрлі климаттық шарттарға бейімделген. Тат эпифитотиясы көптеген континенттерді жайлап, өнімділіктің төмендеуіне әкеледі. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қоңыр таттың дамуы жылсайын орын алады. 2019-2021 жылдары Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының егіс алқаптарында қоңыр тат ауруына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде, 2019 жылы Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Новакубанка ауылдық округінде, Шортанды 95 сорты қоңыр тат ауруына төзімділік танытты, аурумен залалдануы көрсеткіші 0,6%-ды құраса, ал таралу индексі 8%-дық нәтиже берді. 2020 жылы ЖШС Қарабалық АШТС шаруа қожалығының егіс алқапында зерттелінген сорттарынан қоңыр тат ауруымен залалданбай төзімділік көрсеткен Карабалыкская 70, Айна, Тәуелсіздік 20 және Степь жаздық бидай сорттары анықталынды. Сонымен қатар 2021 жылы Қостанай облысында жүргізілген мониторинг жұмыстары нәтижесінде жаздық бидай Айна, Фантазия, Асангали 20 және Фантазия сорттары қоңыр тат ауруына төзімділік көрсетті, ауру белгілері байқалмады. Қазіргі таңда қоңыр тат ауруының дамуы мен таралуын алдын ала бақылап, ауруға төзімді сорттарды іріктеп, өндіріске ұсынуымыз қажет.

Загрузки

Опубликован

2022-03-11