МАЛ ӨНІМДЕРІН АНТИБИОТИКТЕРГЕ ИММУНДЫҚ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).903Ключевые слова:
антибиотик; антибиотиктің қалдық мөлшері; антидене; ірі қара мал, сүт; ет; иммунды-ферменттік талдау.Аннотация
Жануарлардан алынатын өнімдердің антибиотиктермен ластануы ең өзекті жаһандық мәселелердің біріне айналуда. Антибиотиктер, әдетте, емдік және профилактикалық дәрі-дәрмектерді немесе жануарлардың өсуін күшейтетін препараттарды дұрыс пайдаланбау нәтижесінде тағамға енеді. Антибиотиктердің қалдық мөлшері бар тағамдарды ұзақ уақыт тұтыну адам денсаулығына жағымсыз әсер етеді, сонымен қатар микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімді формаларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Осы жұмыста стрептомициннің (СТР), хлорамфениколдың (ХАФ) және окситетрациклиннің (ОТЦ) эпитоптарына телімді және белсенді жоғары антиденелерді алуға мүмкіндік беретін қояндарды иммундеу әдісі әзірленген. Бұл антиденелер стандартты ерітінділердегі антибиотиктерді анықтау үшін бәсекеге қабілетті иммунды фермент тәсілінде (б-ИФТ-да) қолданылған. Антибиотиктердің белгілі мөлшерлерінде сыналған б-ИФТ-дың сезімталдық шегі 1,5-4,5 нг/мл аралығында болды. Әзірленген б-ИФТ жануарлар өнімдерін СТР-нің, ХАФ-дың және ОТЦ-нің қалдық мөлшерлеріне шапшаң түрде тексеріп шығуға жарамдылығын көрсетті. Әзірленген б-ИФТ-дың диагностикалық құндылығын импорттық аналогтармен салыстырмалы түрде анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет.