АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ БИДАЙДЫҢ (Triticum aestivum L.) НЕГІЗГІ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ НАУБАЙХАНАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРГЕ ӘСЕРІ

Авторы

  • Крадецкая О.О., Чилимова И.В., Утебаев М.У. химия магистрі

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.21

Ключевые слова:

ақуыз, сапа, дәнмаңызы, сорт, шынылық, наубайханалық қасиеттер, жаздық бидай.

Аннотация

Зерттеу нысаны ретінде «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС жұмсақ бидай селекциясының түрлі пісіп жетілу тобының 17 сорты пайдаланылды. Сортүлгілері аса жоғары сапа белгілеріне ие сорттарды анықтау мақсатында биохимиялық, технологиялық және наубайханалық көрсеткіштер бойынша зерттелді. Биохимиялық және технологиялық бағалаудың орташа есеппен алынған нәтижелері 2014 жылдан бастап 2018 жыл аралығына келтірілді. Алынған мәліметтер бойынша аса қолайсызы 2018 жыл болғаны көрінеді – оған дейінгі жылдарға қарағанда дән сапасы едәуір төмендеген. Салыстырмалы сипаттама үшін Қазақстанның өзге облыстарында аудандастырылған сорттар: Карагандинская 22 және Карабалыкская 90 зерттелді. Зерттеулер нан сапасы мен дән қасиеттерінің арасындағы байланыстың математикалық моделін анықтауға мүмкіндік берді. Бидай дәнінің наубайханалық қасиеттерін сенімді бағалау үшін ақуыздың массалық үлесі, дән маңызының мөлшері мен сапасы, шынылық сияқты сапа көрсеткіштерінің кешені зерттелді. Жұмыс барысында Жұмыс барысында селекциялық үдерісте ары қарай қолдану үшін Асыл Сапа, Целинная 20, Байтерек, Шортандинская 25, Целинная юбилейная сияқты перспективті сорттар ерекшеленді

Загрузки

Опубликован

2021-05-19