МАЙЛЫ ДАҚЫЛДАР ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒАМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Кизатова М.Е "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ" ЖШС
  • Султанова М.Ж "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ" ЖШС
  • Абдрахманов Х.А "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ" ЖШС
  • Акжанов Н "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ" ЖШС
  • Байкенов А.Ө "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ" ЖШС
  • Сәдуақас Ә.С "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ҒЗИ" ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).897

Ключевые слова:

қалдықтар, қабық, жаңғақ, сорт, дәрумендер, микроэлементтер, макроэлементтер.

Аннотация

Мақалада грек жаңғағы қабығының дәрумендері мен минералды құрамының нәтижелері келтірілген. Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарында өсетін грек жаңғағының үш сорты зерттелді. Алынған нәтижелер жаңғақ қабығында β-каротин, С, Е дәрумендері, макро және микроэлементтердің болуын көрсетеді.Ұсақталған грек жаңғағы қабығы - бұл ерекше физикалық сипаттамалары мен химиялық қасиеттері бар әмбебап экологиялық таза шикізат, ол өнеркәсіптің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ұсақталған жаңғақ қабығы органикалық, биологиялық ыдырайтын шикізат болып табылады. Сондай - ақ, ұсақталған грек жаңғағы қабығы - бұл косметикалық, фармацевтикалық, тамақ, отын салаларына арналған шикізат, кольматанттар, абразивтер, толтырғыштар, қоспалар, түйіршіктер, сорбенттер болып табылады. Грек жаңғағының ұсақталған қабығы экологиялық таза, улы емес, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндірмейді, сондықтан ол тамақ және өңдеу өнеркәсібінің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Бұл зерттеудің мақсаты – грек жаңғағы қабығының витаминді-минералды құрамын, оны тамақ өнеркәсібінде қолдану, тағамды байыту үшін зерттеу.

Загрузки

Опубликован

2022-03-05