АҚМОЛА ОБЫЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ ОРТАША МЕРЗІМДЕ ПІСЕТІН СОРТТАРЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).855Ключевые слова:
Жұмсақ бидай; сорт; вегетациялық кезең; өнімділік; қоңыр тат ауруы; сабақтық тат ауруы.Аннотация
Мақалада Ақмола облысы жағдайында әртүрлі экологиялық-географиялық шығу тегі бар жаздық жұмсақ бидай (Triticum aestivum) сорттарының зерттеу нәтижелері ұсынылған. Өнімділік көрсеткіштері және ауруларға төзімділігі бойынша сорттық үлгілерге талдау жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер негізінде өнімділігі бойынша Шортандинская 2017, Таймас және Шортандинская 2014 сорттары, қоныр тат ауруына төзімділігі жағынан Айна мен Таймас сорттары, сабақтық тат ауруына төзімділігі жағынан Таймас сорты алда болды.
Келтірілген бидай үлгілері Ақмола облысы жағдайында өсіруге жақсы бейімделген және оларды солтүстік экотипіне сәйкес сұрыптарды алу үшін бастапқы материал ретінде пайдалануға болады. Будандастыру нәтижесінде будандық тұқымдар алынды, олардан тұрақты генотиптерді алу үшін құнды генетикалық материал болып табылады. Зерттеуде жоғары бағаланған сорттар болашақта отандық бидай өнімділігі мен сапасын артырып, өнімді экспорттау көлемін арттырар деп сенемін.