ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ СУ КӨЗДЕРІНДЕГІ БАЛЫҚТАРДЫҢ ТАҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.10Ключевые слова:
тағам қауіпсіздігі, ішкі су көздері, балық гельминтоздары, бактериоздары, ауыр метал тұздары, радионуклидтерАннотация
Балықтардың уыттық элементтермен айтарлықтай дәрежеде контаминацияланғаны анықталды, айта кетері «ДСУ-58» (Нұра
ауданы) су көзінен ауланған балы етінде кадмий мен қорғасынның ең көп мөлшерде жинақталды. Ал, радионуклидтердің қалдық мөлшері балықтарда анықталмады деуге болады. Торта балығының постдиплостоматоз ауруына жиі шалдығатыны анықталды, аталған ауруды барлық үш су көзінен анықтадық, инвазия экстенсивтігі «Плотина №1» (Бұхар-Жырау ауданы) су көзінде 12,5%, «Тоқсумақ» көлінде (Осакаров ауданы) 18,7% және ДСУ-58 (Нұра ауданы) су көзінде 42,8% құрады. Сирек жағдайларда торта балығында диплостомоз (Тоқсумақ көлі) инвазия экстенсивтілігі 12,5%, және лигулез ауруы торта мен
мөңке балығында (ДСУ-58) анықталды, соңғыларында инвазия экстенсивтілігі сәйкесінше 14,8 бен 14,2% құрады. Балықтарды бактериоздармен жұқтырылуына клиникалық зерттеген кезде ауру белгілері аанықталмады.