ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ІРІМШІК ӨНІМДЕРІН МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

Авторы

  • Кузеубаева А.С Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
  • Усенбаев А.Е С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Аканова Ж.Ж С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.4(111).833

Ключевые слова:

ірімшік, Compact Dry, масс спектрометрия, идентификация, Escherichia coli

Аннотация

Отандық өндірушілер ұсынатын ірімшіктердің шартты патогенді және патогенді бактериялармен контаминациялануы анықтау мақсатында Семей және Нұр-Сұлтан қалалары сауда желілерінен кездейсоқ тәсілмен алынған, Орталық, Солтүстік және Шығыс-Қазақстан облыстарының алты ірі кәсіпорындарындарында өндірілген және бес жеке кәсіпкер  саудаға ұсынған бір қатты ірімшік, тоғыз жартылай қатты, бес жұмсақ және төрт тұздалған ірімшіктің он тоғыз түрінің 57 сынамасы классикалық микробиологиялық, масс-спектрометриялық тәсілдерді және коммерциялық Compact Dry ЕС (R-Biopharm AG, Германия) табақшаларын қолданып, тексерілді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ірімшіктің жартылай қатты, жұмсақ және тұзды өнім түрлері  ішек таяқшасы тобына және Salmonella  туысына жататын бактериялармен ластанғаны дәлелденді. MALDI-TOF Biotyper (Bruker, Германия) масс-спектрометрінде Enterobacteriaceae тұқымдасының төрт бактерия түрлері, атап айтқанда Escherichia coli, Enterobacter cloacae, Citrobacter freundii  және Citrobacter braakii, идентификацияланды. Ірімшік үлгілерінің бактериялармен жалпы ластану деңгейі 68,4% құрады, ал қауіпті микроорганизмдер зерттелінген  аймақтарда он бір өндірушінің сегізінің өнімдерінде кездесті.  Ірімшіктің қатты сортынан, жартылай қатты өнімдердің 44,4%-нан және тұзды ірімшіктердің 25%-нан микроорганизмдер бөлінбеді. Жұмсақ ірімшіктердің 100%  және қалған жартылай қатты, тұзды өнім түрлері  анықталған бактериялармен ластанғаны көрсетілді. Зерттелінген 57 ірімшік үлгілерінің 39-нан E.coli табылды.

 

Загрузки

Опубликован

2021-11-26