БУАЗДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ГЛИКОПРОТЕИНДЕРГЕ ТӘН МОНОКЛОНДЫ АНТИДЕНЕЛЕРДІ АЛУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.2(109).809Ключевые слова:
буаздықты диагностикалау,буаздыққа байланысты гликопротеиндер, PAG1 рекомбинантты антигені, иммундау, гибридтеу, клондау, моноклонды антиденелер.Аннотация
имундық спленоциттерді және тышқандардың миеломды жүйесінің жасушаларын гибридтеудің нәтижесінде, PAG1 рекомбинатты антигеннің эпитопындағы моноклонды антиденелердің продуцент-штаммдары алынды. Және де, ары қарай зерттеулер жасау үшін, авторлық атауы 3D9D9 гибридті жасушаның штаммы мен 1:3200 ден 1:6400-ге дейін осы ИФА субклонавтың сұйықтығы дақылының антиденесінің титры талдап алынды. Invivo әдісімен моноклонды антиденелердің препараттық саны жасалып, және олардың басты иммунохимиялық қасиеттері зерттелді. Асцитті сұйықтықтың тазаланған антиденелерінің титрі 1:12800-ге тең екені анықталып, олардың каппа типіндегі L тізбегінде, G1 сынып тармағында G тобындағы иимуноглобулиндерге жататыны анықталды. Иммуноблоттингтің нәтижесінде, молекулалық массасы 57 кД, рекомбинантты PAG1 антигенді детерминантқа жататын, МКА эпитопты бағыттылығы анықталды. Осылай, алынған моноклонды антиденелердің PAG1 рекомбинантты антигендерге арнайылығы дәлелденді, және ол буаздықты анықтауға арналған тестті құрастыру кезінде қолданылауы мүмкін.