СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРҒАҚ ДАЛАЛЫ АЙМАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚЫТАЙ СЕЛЕКЦИЯСЫНДАҒЫ МАЙЛЫ ЗЫҒЫР СОРТТАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.3(110).730Ключевые слова:
майлы зығыр, өнімділік, сорттар, тұқымдар, майдың құрамы, линолен қышқылы, йод саны.Аннотация
Әлемнің барлық елдерінде зығырдың егіс алқаптарын кеңейту үрдісі жүргізілуде, оның ішінде Қазақстанда, ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша зығыр 1,5 млн.га себіледі, алайда аталмыш дақылдың әлеуетінің толық пайдаланылмауына байланысты, май өндіру саласының дамыуы жоғары деңгейде емес, бұл әлемдік ауқымдағы проблемаға, әсіресе біздің елімізде өткір проблемаға жатады. Осы мәселені шешу үшін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ (Қазақстан) мен Техниқалық дақылдар институты (ҚӨР) ғалымдары бірге ұсынылған жағдайда зығыр сорттарының сапалық көрсеткішінің мүмкіндіктерін анықтау мақсатында,Солтүстік Қазақстан жағдайында қытай селекциясының зығыр сорттарына далалық және зертханалық зерттеулер жүргізілуде. Зерттеулер зертхана жағдайында далалық тәжірибелердің әдістемелеріменМЕМСТ-ға сәйкесжүргізілді. 2019, 2020 жж.зерттеунәтижелерібойынша майлы зығырдың 8 сортының өнімділігі жылдар бойы сәйкесінше 9,4 ц/га -дан 14 ц/гажәне 11,4 ц/га -дан 21,7 ц/гадейін құрады.Өсімдік майының ең жоғары шығымы UF02 және Қостанай янтарь нұсқаларынан алынды. Зығыр тұқымындағы шикі ақуыздың мөлшері 24,59 -дан 31,49%-ға дейін болды. Вегетациясының әр кезеңінде зығыр сорттары биіктігімен ерекшеленді, гүлдену кезеңінде өсімдіктердің биіктігі стандартқа сәйкес 30,7 см, ал қытай селекциясының сорттарында өсімдіктердің биіктігі 5,3 - 28,3 см жоғарылады, бұл жоғары сабақ өнімділігін негіздейді.Зерттелген жылдардағы құрғақшылыққа қарамастан, екі жыл ішінде алынған зерттеу нәтижелері ақталды десек болады.Өндірістік компаниялардың осы дақылды тұқымғажәне талшыққа өсіру үшін зығыр сорттарын дұрыс таңдау шығындарды азайтып, экономикалық пайданы тиімді арттыруы мүмкін, сәйкесінше тереңірек нәтижеге қол жеткізу алу үшін зерттеуді жалғастыру қажет.