МЕСҚАРЫН МЕТАБОЛИЗМНІҢ СИЫР ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i3.71Ключевые слова:
Ірі қара мал, Симментал тұқымы, азықтандыру, азық құрамы, зат алмасу, месқарын метобализмі, цеолит, сүт өнімділігі, сүттің химиялық құрамыАннотация
Мақалада сүтті-етті бағыттағы симментал тұқымды сауын сиырларының сүт өнімділігіне табиғи цеолит қоспасының қаншалықты әсер еткені жайлы ғылыми зерттеулер нәтижелері жазылған. Зерттеу жұмысы барысында сауын сиырларын 25 бастан 4 топқа бөліп, бірдей азықтандыру жағдайында әр түрлі көлемдегі цеолит қоспасын беріп отырды. Өз кезегінде кешенді биогендік минералдық қосынды болып келетін табиғи цеолиттер сауын сиыр месқарын қышқылдығын әлсіздендіріп, микрофауна санын 154,2 мыңнан 196,2-225,0 мыңға өсіріп, ұшпалы май қышқылдарының мөлшерін 7,15-тен 7,95-8,83 мМоль/100 мл-ге жеткізді. Месқарында микробиологиялық үдерістің артуы месқарын микрофлорасының амилолитикалық пәрменділігін 8,8-ден 11,6-15,9 мг/крахмалға, целлюлозалитикалық пәрменділігін 13,04- тен 15,12-17,84%-ға арттырды. Табиғи цеолит қоспасын сауын сиыр азық
рационына қосу азық құрамындағы «шикі» протеин, «шикі» жасұнық қорытылуын арттырып, сиарлардың жылдық сауым мөлшерін ұлғайтты