ГОЛШТИН ҚАРА-АЛА ТҰҚЫМЫ СИЫРЛАРЫНЫҢ СҮТІНІҢ ҚҰРАМЫ
Ключевые слова:
голштин тұқымы, сүт өнімділік, соматикалық жасуша, генерацияАннотация
Мақалада сүт өнімділігінің ұдайы өсуін қамтамасыз ететін шарттар,сиырларды голштинизациялау арқылы сүт өнімділігін жоғарлату мүмкіндігінің бағыты берілген. Зерттеу нысаны ретінде Ақмола облысы Целиноград ауданының «Родина» агрофирмасында өсірілетін асыл тұқымды голштин ірі қара малының тұқымы алынған. Бұл тұқымның қарқынды технологияларға бейімделуі жоғары, дене тұрпаты мықты, машиналық саууға жарамды, сүтті жоғары жылдамдықта
береді, төлдерінің жедел өсуі және сүт өнімділігінің генетикалық потенциалы жоғары. Сондықтан, мақалада авторлар «Родина» агрофирмасы шаруашылығында өсірілетін голштин мал тұқымы сиырлары сүтінің өнімділігі мен құрамын, сапалық және сандық көрсеткіштерін зерттеп, қажетті талдаулар жасаған.
Загрузки
Опубликован
2021-08-12
Выпуск
Раздел
Ауылшаруашылық ғылымдары