МИКРООРГАНИЗМДЕР КОНСОРЦИУМЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ПОЛИФУНКЦИОНАЛДЫ БИОДАЙЫНДЫҚТАРДЫ АЛУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.3(110).661Ключевые слова:
биологиялық өнім, ашытқы, консорциум, лактобактериялар, микроорганизм, штаммАннотация
Ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үщін пайдалы қасиеттері бойынша іріктеліп, таңдалған микроорганизмдердің тірі жасушалары ретіндегі тиімді микробиологиялық препараттарды айқындап, ғылыми құрастырымдар түрінде ұсыну өзекті мәселе болып табылады. Зерттеудің мақсаты жаңа жоғары биологиялық белсенділік деңгейіндегі, терең өсінділеу жағдайларына 13 бейімделген және биопрепараттар алуға жарамды полифункционалды микроорганизмдер консорциумын құрастыру. Мақалада терең өсінділеуге бейімделген туыстастықтың тұрақты құрамда болуымен сипатталатын жоғары биологиялық белсенділік деңгейіне ие жаңа «UMBK-1T» полифункционалды микроорганизмдер консорциумын құрастыру бойынша зерттеу жұмыстарының кезеңдері мен зерттеу нәтижелері баяндалған. Авторлар микроорганизмдердің өсінділік-морфологиялық қасиеттерін зерттеген, метагеномды NGS-секвенирлеу өткізген, геномға талдаулар жасаған, микроорганизмдер консорциумын сақтау әдістерін таңдап, ұсынған. Генетикалық талдаулар жаңа пробиотикалық препараттың микробиомы негізінен Firmicutes типіндегі микроорганизмдерден тұратынын көрсеткен (96,42%). Қауымдастықтағы доминантты түрлерге жататыны L. hilgardii – 18,02%, L.camelliae – 15,24%, L. rhamnosus – 11,66% және S. cerevisiae – 38,07%. Аталған UMBK-1T микроорганизмдер консорциумы ҚР БжҒМ ҒК «Республикалық микроорганизмдер жинағы» РМК RKM 0862 номері түрінде депонирленген.